ҚҰБ ҚҚК "Еуразиялық банк" АҚ (Қазақстан) KZP02Y15C617 (KZ2C00001188, EUBNb5) облигацияларын 2012 жылдың 01 наурызынан 01 тамызына дейінгі кезеңде орналастырылмағаны туралы мәліметтерді есепке алды

10.10.12 14:28
/KASE, 10.10.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Еуразиялық банк" АҚ (Алматы) биржаға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитетінің (ҚҰБ ҚҚК) 2012 жылдың 28 қыркүйегіндегі хатының көшірмесін ұсынды, осы хатқа сәйкес "ҚҰБ ҚҚК "Еуразиялық банк" АҚ (бұдын әрі – Банк) бірінші облигациялық бағдарламасы шегіндегі қамтамасыз етілмеген атаулы купондық облигацияларының екінші шығарылымы орналастырылмағаны туралы 2012 жылдың 12 қыркүйегіндегі #54-002/22594 ескертепісн қарастырып, 2012 жылдың 01 наурызынан 2012 жылдың 01 тамызына дейінгі кезеңде "Еуразиялық банк" АҚ аталмыш облигацияларын орналастыру жүзеге асырылмағаны туралы мәліметтерді есепке алды". ҚҰБ ҚҚК ақпараттарына сәйкес, 2012 жылдың 31 тамызындағы жағдай бойынша аталған облигациялардың 82 798 200 данасы орналастырылған. Аталған облигациялар (KZP02Y15C617, KZ2C00001188, EUBNb5; 100 теңге, 10,0 млрд теңге, 01.09.08 – 01.09.23; инфляция деңгейімен индекстелген жарты жылдық купон, ағымдағы купондық кезеңге жылдық 5,90 %; 30/360) KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілген. [2012-10-10]