"Цесна Капитал" АҚ (Қазахстан) бағалы қағаздардың KASE сауда-саттығынан шеттетілді

09.10.12 17:24
/KASE, 09.10.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен "Цесна Капитал" АҚ (Астана) 2012 жылдың 09 қазанына бастап бағалы қағаздардың KASE сауда-саттығынан (осыдан бұрын ашылған репо операпцияларынан басқасы) шеттетілді. Басқарманың бұл шешімі "Мүшелік туралы қағида" атты KASE ішкі құжатының27 тармағы 1) тармақшасына сәйкес Қазақтсна Республикасының Ұлттық Банкінің 2012 жылдың 21 қыркүйегіндегі "Цесна Капитал" АҚ-на берілген лицензиясының күшін үш ай мерзіміне тоқтату туралы қаулысы негізінде қабылданды. Бұдан бұрын 2012 жылдың 24 қыркүйегінде осы тақырыпта "Қазақстанның Ұлттық Банкі "Цесна Капитал" АҚ брокерлік және дилерлік қызметтерді жүзеге асыруға берілген лицензиясының күшін тоқтатты" KASE жаңалығы – http://www.kase.kz/news/show/1174913 мекен-жайы бойынша жарияланған. [2012-10-09]