"БТА Банк" АҚ (Қазақстан) өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2012 жылдың 01 қазанына үзінді көшірмесін биржаға ұсынды

09.10.12 16:08
/KASE, 09.10.12/ – Жай акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) "Бейлистингілік бағалы қағаздар" секторында айналысқа жіберілген, "БТА Банк" АҚ (Алматы, бұдан әрі – банк) биржаға өзінің акционерлерінің тізілім жүйесінің 2011 жылдың 01 шілдесіндегі жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Банктің тіркеушісі "ДАР орталығы" АҚ (Алматы). Үзінді көшірмеге сәйкес: - банктің жарияланған KZ1C34920013 жай акцияларының жалпы саны 55 258 029 745 дана, артықшылықты KZ1P34920119 акциялар саны – 100 000 дана; - банктің 44 209 411 924 акциясы орналастырылған, банктің артықшылықты акциялары орналастырылмаған; - банк өзінің 407 426 294 жай акциясын қайта сатып алды; - банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "Самрұқ-Қзына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ (Астана) болып табылады, оның иелігінде банктің 36 021 892 863 жай акциясы (банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан 81,48 %) бар. "Орталық бағалы қағаздар депозийтарийі" АҚ (Алматы) мәліметтеріне сәйкес аталған күні банктің 6 859 414 146 жай акциясының (банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан 15,52 % ) меншік иелері туралы ақпарат ашылмаған. [2012-10-09]