"Сентрас Секьюритиз" акционерлік қоғамына "Эксимбанк Казахстан" АҚ KZ1P36110115 (KZ000A0LGVG5, EXBNp) артықшылықты акциялары және KZPC1Y07C299 (KZ2C00000735, EXBNb1) облигациялары бойынша биржада маркет-мейкер мәртебесі берілді

08.10.12 12:42
/KASE, 08.10.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2012 жылдың 08 қазанындағы шешімімен "Сентрас Секьюритиз" АҚ (Алматы) өтінішінің негізінде, "Эксимбанк Казахстан" АҚ (Астана) - KZ1P36110115 (KZ000A0LGVG5, KASE ресми тізімі, екінші санат, EXBNp) артықшылықты акциялары; - KZPC1Y07C299 (KZ2C00000735, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының бірінші санатшасы, EXBNb1; 100 теңге, 10,0 млрд теңге; 12.11.06 – 12.11.13; жылдық 9,00 % жарты жылдық купон; 30/360) облигациялары бойынша биржадағы маркет-мейкер мәртебесі берілді. Маркет-мейкер үшін белгіленген минималды міндетті баға белгілеулер көлемі: - акциялар бойынша – 3 000 айлық есептік көрсеткіш; - облигациялар бойынша – 2 000 айлық есептік көрсеткіш. [2012-10-08]