/ҚАЙТАЛАУ/ 15 ҚАЗАН КҮНІ БИРЖАДА "ДОСЖАН ТЕМІР ЖОЛЫ (ДТЖ)" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) KZ2CKY23B672 (KZ2C00000701, DTJLB1) ОБЛИГАЦИЯЛАРЫН ОРНАЛАСТЫРУ БОЙЫНША АРНАЙЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН САУДА-САТТЫҒЫ ӨТКІЗІЛЕДІ

08.10.12 10:49
/KASE, 08.10.12, 04.10.12 жаңалығын қайталау/ – 2012 жылдың 15 өазанында KASE сауда-саттық жүйесінде "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ (Астана) KZ2CKY23B672 (KZ2C00000701, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санаты, DTJLb1; 1 000 теңге, 30,0 млрд теңге; 02.08.05 – 02.08.28, инфляция деңгейімен индекстелген жылдық купон, ағымдағы купондық кезеңге жылдық 5,45 %; 30/360) инфрақұрылымдық облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі деп Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды. Орналастырудың жарияланған көлемі 4 140 000 KZ2CKY23B672 облигация (осы шығарылымның тіркелген облигацияларының жалпы санынан 14,0 %). Арнайы мамандандырылған сауда-саттық KASE сауда-саттық жүйесінде Алматы уақыты (ALT) 11:30-дан 15:00-ге дейін өткізіледі. Бағалы қағаздың сауда-саттықтағы коды – DTJLb1. Сатып алушы кесімді бағаны сауда-саттық күні ALT 16:00-ге дейін анықтайды. Есептесулер "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) ережелер жинағына сәйкес жүзеге асырылады. Бағалы қағаздарды сатып алушысы сатып алынған бағалы қағаздарға төлейтін ақшаның "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ-ндағы корреспондеттік есеп-шотында 15:00-де ALT (Т+0) бар болуын қамтамасыз етуі тиіс. Сауда-саттыққа тек KASE сауда-саттық жүйесіне жабық тәсілмен берілген, шектелімді өтінімдер ғана қабылданады. Өтенемде баға ретінде, бағалы қағаздың номиналды құнынан, үтірден кейін төртінші таңбасына дейін дәлдікпен, пайызбен көрсетілген, облигацияның "таза" бағасы (жинақталған сыйақысысыз) көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралдарының саны данада берілген облигациялар санына тең болуы тиіс. Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының бір облигацияның "таза емес" бағасына (жинақталған мүддені ескере отырып) көбейтіндісі көрсетіледі. Мәміле, мекен-жайы бойынша жарияланған, http://www.kase.kz/files/normative_base/bond_yield_kaz.pdf көлемі Облигациялар кірістілігін және облигациялармен жасалатын мәмілелер сомасын есептеу әдістемесінің 3 тарауының 14 бабына сәйкес есептеледі. Сатып алу өтінімдерін қанағаттандыру тәсілі – кесімді бағаға тең немесе сатушы үшін ұтымдырақ болатын өтінімдердің бағалары бойынша. Сауда-саттыққа қатысуға тек KASE қор нарығының мүшелері өтінімдер бере алады. Өзге инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/kz/membership мекен-жайы бойынша жарияланған. Аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасымен http://www.kase.kz/files/emitters/TSBN/tsbnf9b12_2012.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады. Сауда-саттық өткізу әдістері туралы қағида http://www.kase.kz/files/normative_base/methods.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. [2012-10-08]