"Альянс Банк" АҚ (Қазақстан) өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2012 жылдың 01 қазанына үзінді көшірмесін биржаға ұсынды
05.10.12 14:08
/KASE, 05.10.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "Альянс Банк" АҚ (Алматы, бұдан әрі – банк) биржаға өзінің
акционерлерінің тізілім жүйесінің 2012 жылдың 01 қазанындағы жағдайы
бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Банктің тіркеушісі "РЕЕСТР" АҚ (Алматы).
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- банктің жарияланған KZ1C40310019 жай акцияларының жалпы саны
20 000 000 дана, артықшылықты KZ1P40310115 акциялар саны –
3 000 000 дана;
- банктің 13 637 563 жай акциясы және банктің 2 619 626 артықшылықты
акциясы орналастырылған;
- банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан
көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген тұлғалар боып
табылады:
----------------------------------------------------------------------------------
Артықшылықты
Жай акциялар, акциялар,
----------------------- ----------------------- Банктің
--------- ------------- --------- ------------- орналасты-
орналастырыл- орналастырыл- рылған
ған акция- ған акция- акциялары-
лардың жалпы лардың жалпы ның жалпы
санындағы санындағы санындағы
Атауы дана үлесі, % дана үлесі, % үлесі, %
----------------------- --------- ------------- --------- ------------- ----------
"Самұрық-Қазына" Ұлттық 9 137 195 67,00* 1 755 079 67,00* 67,00
әл-ауқат қоры" АҚ
THE BANK OF NEW YORK 4 227 655 31,00* – – 26,00
MELLON (номиналды
ұстаушы)
----------------------------------------------------------------------------------
*Аталмыш үзінді көшірменің мәліметтері бойынша KASEесептеді.
[2012-10-05]