"Kaspi Bank" АҚ (Қазақстан) өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2012 жылдың 01 қазанына үзінді көшірмесін биржаға ұсынды

05.10.12 10:51
/KASE, 05.10.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Kaspi Bank" АҚ (Алматы, бұдан әрі – банк) биржаға өзінің акцияларын ұстаушыларының тізілім жүйесінің 2012 жылдың 01 қазанындағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Банктің тіркеушісі "Қор орталығы" АҚ (Алматы). Үзінді көшірмеге сәйкес: - банктің жарияланған KZ1C31450014, KZ000A1СТМF6 жай акцияларының жалпы саны 39 000 000 дана, артықшылықты KZ1P31450110, KZ000A1СТМG4 акцияларының саны – 500 000 дана; - банктің 19 500 000 жай акциялары және барлық артықшылықты акциялары орналастырылған; - банк өзінің 180 211 жай акциясы және 87 131 артықшылықты акцияларын қайта сатып алды; - банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "CASPIAN FINANCIAL GROUP (Каспиан Файнаншэл Груп)" АҚ (Алматы), болып табылады, оның иелігінде банктің 17 668 849 акциясы (банктің орналыстырылған акцияларының жалпы санынан 88,34 %), соның ішінде банктің барлық жай және 321 187 артықшылықты акциясы (банктің орналыстырылған артықшылық акцияларының жалпы санынан 64,24 %) бар. [2012-10-05]