Еуразиялық даму банкі өзінің, ресейлік рубльмен деноминацияланған, еурооблигацияларын табысты орналастырғаны туралы хабарлады
01.10.12 11:49
/KASE, 01.10.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған, Еуразиялық даму банкі, 2012 жылдың
28 қыркүйегінде биржаға ұсынған баспасөз-релизінде былай деп мәлімдеді:
Бүгін Еуразиялық даму банкі, ресей рублімен деноминацияланған. Өтеу
мерзімі 5 жыл және өтеуге дейін кірістілігі 8,0%, еурооблигацияның
дебюттық шығарылымын (бұдан әрі - "Шығарылым") табысты
орналастырды.Облигацияларға Moody’s, S&P және Fitch Ratings агенттіктері
тиісінше A3 (болжамы – тұрақты), BBB (болжамы – тұрақты) and BBB
(болжамы – позитивті) деңгейінде несиелік рейтингтер береді деп күтілуде.
Шығарылым ұйымдастырушылары болып Raiffeisen Bank International AG
және Сбербанк КИБ шықты.
Шығарылым алдыңғы орналастырылған ЕАДБ рубль облигацияларының
ішкі нарығында жиынтығы 20 млрд. рубльді құрайтын, сондай-ақ АҚШ
долларымен екі табысты еврооблигацияларды шығарды. 3 күндік
европалық роудшоу барысында ЕАДБ басқармасының европалық мүшесі,
Корпоративтік қаржыландыру бойынша басқарушы директоры - Дмитрий
Красильниковтың қатысуымен Лондонда, Франкфуртта және Венада негізгі
институционалдық инвесторлармен кездесулер өткізілді. Жүргізілген жұмыс
нәтижесі бойынша Шығарылымға қатысуға өтінімдер кітабы 13 млрд
рубльден асты (нақтырақ кейінірек хабарланады).
Шығарылым қорытындысы бойынша комментарийінде Дмитрий
Красильников: "Біздің еврорубльді алғаш рет орналастыруымыз күрделі
нарыққа қарамастан табысты болып шықты. Біз мәртебемізге, табысты
несиелік тарихымызға және мықты көрсеткіштерімізге ерекше көңіл бөле
отырып, CEMEEA аймағындағы жоғары сапалы эмитенттермен жұмыс
істейтін еуропалық инвесторлармен кездесу өткіздік. Инвесторлардың оң
көзқарасы нәтижесінде шығарылымның табыстылығын алдыңғы
жарияланған 8,375%-дан 8,0-8,25%-ға дейін төмендетіп, кірістілігі жылдық
8,0% өтеу мерзімі 5 жылға дейінгі Шығарылымды орналастыруға мүмкіндік
туды. Рубль түріндегі инвестициялар біздің несиелік портфеліміздің 30%
құрайды, сондықтан біз ыңғайы келген уақытта, осы нарыққа келесі жылы
ораламыз"- деп атап айтты.
Қосымша ақпарат бойынша:
Юлия Остроухова, +77019912843, +79067701672
Михаил Мзареулов, +7 9032446025
pressa@eabr.org
[2012-10-01]