"АТФБанк" АҚ XS0274618247 (ATFBe7) (Қазақстан) халықаралық облигациялары "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша биржада листинг процедурасынан өтті

01.10.12 16:08
/KASE, 01.10.12/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2012 жылдың 28 қыркүйегіндегі шешімімен "АТФБанк" АҚ XS0274618247 (Алматы, тақырыптамада және бұдан әрі – "Қазақстан Халық Банкінің ЖЗҚ") KZ1C31850015 ($100,0 млн; мерзімсіз, айнаплысқа шығу басы – 10.11.06; жарты жылдық купон, 10.11.16 дейін – жылдық 10,00 %, содан кейін – LIBOR алты айлық мөлшерлемесі АҚШ долларымен + жылдық 7,33 %, 30/360) халықаралық облигациялары KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілді. Листингілік комиссияның осы шешімі өз күшіне енетін датасы туралы, аталмыш эмитент "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағында белгіленген шарттарды орындағаннан кейін, қосымша жарияланады. Сондай-ақ, аталмыш акциялардың сауда-саттығының ашылуы туралы қосымша жарияланады. Бірлескен басқарушы менеджерлер HSBC және ING Wholesale Banking болып табылады. Аталмыш облигацияларды ұстаушылар тізілімін жүргізуді The Bank of New York (Лондон) жүзеге асырады. "АТФБанк" АҚ төлеу агенті The Bank of New York Mellon (Лондон) болып табылады. Аталмыш акцияларға ATFBe7 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Осы облигациялардың шығарылымы туралы нақтырақ ақпарат, Листингілік комиссияның аталған шешімі күшіне енгеннен кейін, KASE веб-сайтында жарияланады [2012-10-01]