"АТФБанк" АҚ (Қазақстан) "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ өзінің KZ2CKY23B672 (KZ2C00000701, DTJLb1) облигациялары бойынша 7-ші купонын төлеу бойынша қарызын жартылай өтегені туралы хабарлады

28.09.12 17:51
/KASE, 28.09.12/ – "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ (Алматы, бұдан әрі – Қоғам) KZ2CKY23B672 (KZ2C00000701, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санатының екінші санатшасы", DTJLb1; 1 000 теңге, 30,0 млрд теңге; 02.08.05 – 02.08.28, инфляция деңгейімен индекстелген жылдық купон, ағымдағы купондық кезеңге жылдық 5,45 %, 30/36) инфрақұрылымдық облигацияларын ұстаулыраныңы өкілі болып табылатын "АТФБанк" АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасына (KASE) жолдаған ресми хатында былай деп мәлімдеді: ... өзінің инфрақұрылымдық облигациялары НИН KZ2CKY23B672 бойынша жетінші купондық кезеңге (02.08.2011 бастап 02.08.2012дейін) міндеттемелерін толық өтеуге өз қаражаттарының жетіспеушілігіне байланысты Қоғам 2012 жылдың 13 тамызында купондық сыйақыны жартылай төледі, төлем сомасы 1 085 675 482 (бір миллиард сексен бес миллион алты жүз жетпіс бес мың төрт жүз сексен екі теңге) 50 тиынды құрады, бұл есептелген сыйақы сомасының 42% құрайды. Сондай-ақ 2012 жылдың 18 қыркүйегінде Қоғам 51 698 832 (еліу бір миллион алты жүз тоқсан сегіз мың сегіз жүз отыз екі теңге) 50 тиын көлемінде есептелген сыйақыны жартылай төледі, бұл есептелген сыйақы сомасының 2% құрайды. Осы тақырыпта бұдан бұрын мынадай KASE жаңалықтары жарияланған: - 2012 жылдың 26 қыркүйекте "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ (Қазақстан) өзінің KZ2CKY23B672 (KZ2C00000701, DTJLb1) облигациялары бойынша 7-ші купонын толеу бойынша қарызын жартылай өтегені туралы хабарлады" – http://www.kase.kz/news/show/1175041; - 2012 жылдың 16 тамызында " Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ (Қазақстан) өзінің KZ2CKY23B672 (KZ2C00000701, DTJLb1) облигациялары бойынша 7-ші купонын төлеуі туралы хабарлады – http://www.kase.kz/news/show/1172720 [2012-09-28]