28 қыркүйек күні биржада өткен "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ (Қазақстан) KZ2CKY23B672 (KZ2C00000701, DTJLb1) облигациясын кері сатып алу бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық жүзеге аспады деп жарияланады

28.09.12 17:06
/KASE, 28.09.12./ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ (Алматы) KZ2CKY23B672 (KZ2C00000701, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының екінші санатшасы, DTJLb1; 1 000 теңге; 30,0 млрд теңге; 02.08.05 – 02.08.28, инфляция деңгейімен индекстелгенжылдық купон, ағымдағы купондық кезеңге жылдық 8,75 %; 30/360) инфрақұрылымдық облигацияларын кері сатып алу бойынша арнанайы мамандандырылған сауда-саттық болып өтті. Сауда-саттықта эмитент өзінің KZ2CKY23B672 4 150 000 облигациясын (осы шығарылымның жалпы санынан 14,0 %) кері сатып алуды жоспарлады. Сауда-саттық заты, үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейін дәл көрсетілген, бағалы қағаздың номиналды құнын пайызбен көрсетілген, облигацияның "таза бағасы" болды. Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімдер жабық тәсілмен алматы уақытымен (ALT) 11:30 бастап 15:00 дейін қабылданды. Сауда-саттыққа тек шектелімді өтінімдер ғана қабылданды. Сатып алу өтінімін қанағаттандыру тәсілі – кесімді бағаға тең немесе сатушы үшін тиімдірек болатын шектелімді қарсылама өтінімдердің бағалары бойынша. Есеп айырысу схемасы – Т+0. Сауда-саттыққа KASE жеті мүшесі қатысты, олар 16 өтінім берді, өтінімдерді қабылдау кезеңінің аяқталу сәтінде олардың 17 589 390 облигацияны сатуға 14 өтінімі белсенді болып қалды. Сауда- саттықтағы ұсыным сұранымнан 4,2 есе асты. Берілген белсенді өтінімдердегі "таза" бағалар 66,0000 % ( жылдық 9,7 %) бастап 100,00 % (жылдық 5,4 %) дейін құбылды, сөйтіп орташа сараланған мәні 87,0479 % (сатып алушының өтеуіне жылдық 6,8 %) құрады. Берілген өтінімдердің жиынтық ақпартызымын қарастырып, эмитент, ұсынылған бағалардың күтілген бағадан әлде қайда жоғары болуына байланысты, оларды қанағаттандырудан бас тартты. Арнайы мамандандырылған сауда-саттықтар жүзеге аспады деп жарияланды. Жуырдағы уақытта эмитент осы облигацияларды кері сатып алу бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттықты қайта өткізуді көздеді. [2012-09-28]