28 қыркүйек күні биржада өткен "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ (Қазақстан) KZ2CKY23B672 (KZ2C00000701, DTJLb1) облигациясын кері сатып алу бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық жүзеге аспады деп жарияланады
28.09.12 17:06
/KASE, 28.09.12./ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық
жүйесінде "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ (Алматы) KZ2CKY23B672
(KZ2C00000701, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық
бағалы қағаздар" санатының екінші санатшасы, DTJLb1; 1 000 теңге;
30,0 млрд теңге; 02.08.05 – 02.08.28, инфляция деңгейімен
индекстелгенжылдық купон, ағымдағы купондық кезеңге жылдық 8,75 %;
30/360) инфрақұрылымдық облигацияларын кері сатып алу бойынша
арнанайы мамандандырылған сауда-саттық болып өтті.
Сауда-саттықта эмитент өзінің KZ2CKY23B672 4 150 000 облигациясын
(осы шығарылымның жалпы санынан 14,0 %) кері сатып алуды жоспарлады.
Сауда-саттық заты, үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейін дәл
көрсетілген, бағалы қағаздың номиналды құнын пайызбен көрсетілген,
облигацияның "таза бағасы" болды. Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімдер
жабық тәсілмен алматы уақытымен (ALT) 11:30 бастап 15:00 дейін
қабылданды. Сауда-саттыққа тек шектелімді өтінімдер ғана қабылданды.
Сатып алу өтінімін қанағаттандыру тәсілі – кесімді бағаға тең немесе
сатушы үшін тиімдірек болатын шектелімді қарсылама өтінімдердің
бағалары бойынша. Есеп айырысу схемасы – Т+0.
Сауда-саттыққа KASE жеті мүшесі қатысты, олар 16 өтінім берді,
өтінімдерді қабылдау кезеңінің аяқталу сәтінде олардың
17 589 390 облигацияны сатуға 14 өтінімі белсенді болып қалды. Сауда-
саттықтағы ұсыным сұранымнан 4,2 есе асты. Берілген белсенді
өтінімдердегі "таза" бағалар 66,0000 % ( жылдық 9,7 %) бастап 100,00 %
(жылдық 5,4 %) дейін құбылды, сөйтіп орташа сараланған мәні 87,0479 %
(сатып алушының өтеуіне жылдық 6,8 %) құрады.
Берілген өтінімдердің жиынтық ақпартызымын қарастырып, эмитент,
ұсынылған бағалардың күтілген бағадан әлде қайда жоғары болуына
байланысты, оларды қанағаттандырудан бас тартты. Арнайы
мамандандырылған сауда-саттықтар жүзеге аспады деп жарияланды.
Жуырдағы уақытта эмитент осы облигацияларды кері сатып алу бойынша
арнайы мамандандырылған сауда-саттықты қайта өткізуді көздеді.
[2012-09-28]