"ҚАЗЭКСПОРТАСТЫҚ Холдингі" АҚ (Қазақстан) 26 қыркүйекте өзінің 3,6 млн KZ2C0Y05E065 (KZ2C00001634, KASTb3) облигациясын биржада жылдық 10,0%-бен орналастырды

26.09.12 17:37
/KASE, 26.09.12/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда жүйесінде "ҚАЗЭКСПОРТАСТЫҚ Холдингі" АҚ (Астана) KZ2C0Y05E065 (KZ2C00001634, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар қарыздық бағалы қағаздар" санаты, KASTb3; 1 000 теңге, 40,0 млрд теңге; 18.07.11 – 18.07.16; жарты жылдық купон жылдық 8,50 %; 30/360) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өтті. Арнайы мамандандырылған сауда-саттықта сатушы ретінде "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы - "BCC Invest" АҚ (Алматы) болды. Сауда-саттықта эмитент 3 300 000 облигацияларын KZ2C0Y05E065 (осы шығарылым облигацияларының жалпы жарияланған санынан 8,3 %) орналастыруды ұсынды. Бағалы қағаздың номиналды құнының үтірден кейін төртінші таңбасына дейін дәл көрсетіліп, пайызбен берілген облигациялардың "таза бағасы" (жиналған сыйақыны есептемегенде) сауда-саттықтың мәні болды. Орналастыруға қатысу туралы өтінімдер жабық әдіспен алматы уақытымен (ALT) 11:30 бастап 15:00 дейін берілді. Сауда-саттыққа тек шектелімді өтінімдер ғана қабылданды. Сатып алу туралы өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі – кесімді баға бойынша. Есептесу схемасы – Т+0. Сауда-саттыққа KASE төрт мүшесі қатысты, олар алты өтінім берді, солардың ішінде 3 553 000 облигация сатып алуға берілген бес ордер өтінімді беру кезеңінінің аяқталу сәтінде белсенді болып қалды. Осылайша, сауда-саттықтағы сұраныс ұсыныстың 108 % құрады. Берілген өтінімдердегі "таза баға" 95,3171 % (сатып алушы өтеуіне жылдық 10,0 %) тең болды. Белсенді өтінімдердің жалпы көлемінің 76,0 % зейнетақы нарығы субъектілерінің үлесіне, 14,2 % - брокерлік-дилерлік компаниялардың үлесіне, 19,8 % - брокерлік-дилерлік компаниялар клиенттерінің үлесіне тиді. Сауда-саттықтың нәтижелері бойынша эмитент көрсетілген баға бойынша барлық бес өтінімді толық көлемде қанағаттандырды. Осы орайда тартылған сома 3 443 661 951,89 теңгені құрады. "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) мәліметтері бойынша осы ақпаратты жариялау сәтіне барлық мәмілелер орындалды. [2012-09-26]