"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Қазақстан) "Батыс Қазақстанда жаңа өндірістер құру" инвестициялық форумы шеңберінде бірқатар меморандумдарға қол қоюды көздеді

26.09.12 16:02
/KASE, 26.09.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана), биржаға 2012 жылдың 26 қыркүйегінде жолдаған баспасөз-релизінде былай деп мәлімдеді: цитата басы Ақтау қаласында 24-26 қыркүйек күндері (2012 жыл) Маңғыстау, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары әкімдіктерінің қолдауы арқылы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі ҚМГ) ұйымдастыруымен «Батыс Қазақстанда жаңа өндірістер құру» Инвестициялық Форумы өтеді. Форумға әлемнің 35 елінен 400-дей делегат қатысады. Және батыс облыстары әкімдіктерінің, мүдделі министрліктер мен ведомстволардың , ірі мұнайгаз кәсіпорындарының, шетелдік және отандық компаниялардың басшылары, инвесторлар мен банкирлер қатысады. Форумды өткізудегі негізгі мақсат Қазақстанның батыс аймағында жаңа жұмыс орындары мен жаңа өндірістер ұйымдастыруға инвестиция салатын шетел компанияларын көптеп тарту болып табылады. цитата соңы Осы баспасөз-релизінің толық нұсқасымен KASE веб-сайтында - қазақ тілінде – http://www.kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_reliz_260912_kz.pdf мекен- жайы бойынша; - орыс тілінде – http://www.kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_reliz_260912.pdf мекен-жайы бойынша; - ағылшын тілінде – http://www.kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_reliz_260912_en.pdf мекен- жайы бойынша танысуға болады. [2012-09-26]