/KASE, 26.09.2012/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған, "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ (Алматы), биржаға
жолдаған ресми хатында өзінің KZ2CKY23B672 (KZ2C00000701, KASE
ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар"
санатының екінші санатшасы, DTJLb1; 1 000 теңге, 30,0 млрд теңге; 02.08.05
– 02.08.28, инфляция деңгейімен индекстелген жарты жылдық купон, есептік
кезеңде жылдық 8,75 %, 30/360) инфрақұрылымдық облигациялары
бойынша жетінші купонын толеу бойынша қарызын жартылай өтегені
туралы хабарлады
Аталмыш хатта "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ былай деп мәлімдеді:
"Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ (бұдан әрі – "ДТЖ" АҚ) 2012 жылдың
19 қыркүйегінде "АТФБанк" АҚ төлем агенті арқылы облигация
ұстаушылардың барлығына 7-ші купондық кезеңге есептелген сыйақының
2% көлемінде қалған сыйақысын төледі. 2012 жылдың 21 қыркүйегіндегі
#2015/5961 хатпен "АТФБанк" АҚ 2012 жылдың 20 қыркүйегінде "ДТЖ" АҚ
облигацияларын ұстаушыларына 51 698 832,50 теңге көлемінде сыйақы
төлегені туралы хабарлады.
Аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасына сәйкес "Досжан темір
жолы (ДТЖ)" АҚ жетінші купондық сыйақыны 2012 жылдың 01 тамызынан 14
тамызына дейінгі уақыт аралығында төлеуі тиіс болған.
Осы тақырыпта бұдан бұрын мынадай KASE жаңалықтары жарияланған:
- 2012 жылдың 16 тамызында "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ (Қазақстан)
өзінің KZ2CKY23B672 (KZ2C00000701, DTJLb1) облигациялары бойынша
7-ші купондық сыйақысын жартылай төлегені туралы хабарлады" –
http://www.kase.kz/news/show/1172720
- 2012 жылдың 12шілдесінде "АТФБанк" АҚ "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ
(Қазақстан) өзінің KZ2CKY23B672 (KZ2C00000701, DTJLb1)
облигациялары бойынша 7-ші купондық сыйақысын төлеу үшін ақша
қаражаты жетсіпейтіні туралы хабарлады –
http://www.kase.kz/news/show/1170111
KASE еске салады: егер алынған хабарламалар мен құжаттар KASE
мүшелері мен бағалы қағаздардың эмитенттері KASE алдында ақпарттарды
ашу бойынша міндеттерін орындау шегінде ұсынылған болса, KASE өзінің
"Биржалық ақпараттарды тарату" атты ішкі құжатына сәйкес, KASE
мүшелері және, биржада айналысқа жіберілген, бағалы қағаздардың
эмитенттері туралы жарияланатын жалпы ақпараттың растығына жауапты
болмайды. Осы ақпартты өндірген кезде KASE аталмыш хабарламалар мен
құжаттардың растығын тексермейді. Осы хабарламада жарияланған
ақпараттың жалғандығын ашуды көздеген тұлға, Биржаға тиісті ресми хат
жолдауы тиіс.
[2012-09-26]