АНОНС: 2012 жылдың 27 қыркүйегінде ВТБ Банк АҚ Еншілес ұйымы (Қазақстан) 2012 жылдың бірінші жарты жылдығындағы қызметінің нәтижелері бойынша бейнеконференция болып өтеді

26.09.12 12:03
/KASE, 26.09.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, ВТБ Банк АҚ Еншілес ұйымы (Қазақстан) ВТБ Банк АҚ Еншілес ұйымы (Қазақстан) (Алматы) бүгін биржаға жолдаған ақпараттық хабарламасында былай деп мәлімдеді: цитата басы Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ 2012 жылғы 27 қыркүйекте ВТБ24 (Мәскеу), Банк ВТБ (Қазақстан), ВТБ (Армения), ВТБ (Украина) жетекшілігінің қатысуымен бейнеконференция (БК) өтетіндігін хабарлайды. Бейнеконференцияның қатысушылары жарты жылдықтың негізгі нәтижелерін талқылайды, ВТБ тобының шетелдік бизнесін дамыту жоспарлары туралы баяндайды. Күн тәртібіндегі тағы бір сұрақ: РФ мен ТМД-дағы макроэкономикалық жағдай – 2012-2013 жылдарға болжамдар. Қызығушылық танытқан барлық БАҚ өкілдерін аталған шараға шақырамыз. Журналистерге бейнеконференция барысында ВТБ24 жетекшісі М.Задорновқа, сондай-ақ ВТБ банкінің Украина мен Армениядағы өкілдеріне өз сұрақтарын қою мүмкіндігі ұсынылады. БК-дан кейін Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Басқарма Төрағасы Сергей Гусаровтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді. Аккредитация міндетті түрде талап етіледі. Өтетін орны: Алматы қ., Тимирязев к-сі 28 «в», конференц-зал Уақыты: 13:30 Аккредитация: тел.: 8 (727) 330 59 20, e-mail: K.Kharlamov@vtb-bank.kz цитата соңы [2012-09-26]