26 қыркүйектен бастап KASE қайталама нарық секторында Kazakhstan Temir Zholy Finance B.V. (Нидерландтар Корольдігі) XS0799658637, US48667DAD66 (NL_TMJLe1) халықаралық облигациялары бойынша сауда-саттық ашылады

25.09.12 16:43
/KASE, 25.09.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2012 жылдың 26 қыркүйегінен бастап KASE қайталама нарық секторында Kazakhstan Temir Zholy Finance B.V. (Амстердам) XS0799658637, US48667DAD66 (KASE ресми тізімі; "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты; NL_TMJLe1; $800,0 млн; 10.07.12 – 10.07.42, жылдық 6,95 %,жарты жылдық купон, 30/360) халықаралық облигациялары бойынша сауда-саттық ашылады . KASE сауда-саттық жүйесінде аталмыш облигациялардың баға белгілеуі дәлдігі қарыздың номиналды құнынан пайызбен көрсетілген "таза" бағасының үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейін деп белгіленді. Аталмыш облигациялар бойынша биржада маркет-мейкер міндеттерін "Казкоммерц Секьюритиз" ("Казкоммерцбанк" АҚ еншілес ұйымы) АҚ (Алматы) атқарады, міндетті баға белгілеудің минималды көлемі 2 000 айлық есептік көрсеткіш. Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша 2012 жылдың 16 шілдесінен бастап енгізілген. Аталмыш облигациялар бойынша нақтырақ ақпарат KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/nl_tmjl мекен-жайы бойынша жарияланған. [2012-09-25]