2012 жылдың 26 қазанында "Шұбаркөл көмір" АҚ (Казахстан) акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болып өтеді

25.09.12 15:36
/KASE, 25.09.12/ – Жай акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Шұбаркөл көмір" АҚ (Қарағанды, бұдан әрі – компания) 2012 жылдың 26 қазанында сағат 14:00-де компания акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы басталатыны туралы биржаға хабарлады. Аталмыш жиналыстың күн тәртібіндегі жалғыз сұрағы - компанияның жай акцияларының ерікті делистингі. Жиналыс: Қарағанды қ., Асфальтная көш, 18 мекен-жайы бойынша болып өтеді. Кворум жиналмаған жағдайда компания акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы 2012 жылдың 27 қазанында сағат 10:00-де жоғарыда аталған мекен-жай бойынша болып өтеді. [2012-09-25]