2012 жылдың 24 қыркүйегінде KASE үлестік және борыштық бағалы қағаздардың нарықтық бағалауы туралы мәліметтер берілген файлдардың құрылымын өзгертті

25.09.12 14:32
/KASE, 25.09.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2012 жылдың 24 қыркүйегінде үлестік және борыштық бағалы қағаздардың нарықтық бағалауы туралы мәліметтер берілген файлдардың құрылымын өзгертілгені туралы хабарландырады. Аталмыш файлдар "Бағаның өлшем бірлігі" өрісімен толықтырылды, атап айтқанда: 1) "XLS форматындағы файлда "Корпоративтік облигациялар" парағында "Бағаның өлшем бірлігі" атты баған қосылады, онда, номиналды құнына қатынасты пайызбен бағасы белгіленетін, облигациялар үшін "%" немесе баға белгілеу валютасының үш таңбалы коды (мысалы, "KZT") беріледі, 2) TXT форматындағы файлда, жоғарыда аталған, бағаның өлшем бірлігі туралы ақпараттары бар, өріс қосылады. Осындай өзгерту, Биржаның тізімінде Биржада валюта бірлігімен бағасы белгіленетін, облигациялар бар болғандығына байланысты енгізілді, олардың қасиеттері мен шығарылым шарттары олардың бағасын номиналды құнынан (қарыз номиналынан) пайызбен тиісті есептеп шығаруға мүмкіндік бермейді. Төменде осындай облигациялардың тізімі берілген: –KZ2C0Y17C783 (KZ2C00001493, ALTMb1) "Алматытемiр" АҚ (Алматы), –XS0495755729 (XS0495756024, ASBNe10) "Альянс Банк" АҚ (Алматы), –MYBVI1202859 (BBG0036T6HY2, BRKZs1) "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ (Астана), –XS0602554825 (BBG001QM1KT3, CCBNe6) "Банк ЦентрКредит" АҚ (Алматы), –KZ2C0Y14C210 (KZ2C00001287, EKTNb1) "ЭКОТОН+" АҚ (Астана), –KZP01Y20C023 (KZ2C00000263, KKAGb2) "Қазақстан Қағазы" АҚ (Алматы обл., Абай с.), –KZP02Y22C027 (KZ2C00000271, KKAGb3) "Қазақстан Қағазы" АҚ, –KZ2C0Y20D116 (KZ2C00000255, KKAGb4) "Қазақстан Қағазы" АҚ, –KZ2C0Y35D510 (BBG0000VRKK4, SKKZb21) "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл- ауқат қоры" АҚ (Астана), –USY8584LAA18 (US87971SAA87, TEBNe1) "Темiрбанк" АҚ (Алматы). Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін 24 қыркүйекте KASE үлестік және борыштық бағалы қағаздардың нарықтық бағалауы туралы мәліметтері бар TXT форматындағы файлдардардың екеуін орналастырды: 1) price240912.txt – ескі форматта, 2) price240912_with_unit.txt – жаңа форматта. Үлестік және борыштық бағалы қағаздардың нарықтық бағалауы туралы мәліметтері бар файлдар апта сайын жұмыс аптаның бірінші күнінде KASE Интернет-сайтында http://www.kase.kz/ru/marketvaluation мекен-жайында жарияланады. [2012-09-25]