"Цеснабанк" АҚ (Қазақстан) 24 қыркүйекте өзінің 849,0 млн KZP02Y07E081 (KZ2C00001816, TSBNb12) облигациясын биржада жылдық 9,5 % орналастырды

24.09.12 17:43
/KASE, 24.09.12/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде "Цеснабанк" АҚ (Алматы) субординацияланған KZP02Y07E081 (KZ2C00001816, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар қарыздық бағалы қағаздар" санаты, TSBNb12; 1 теңге, 4,0 млрд теңге; 02.08.12 – 02.08.19; жарты жылдық купон жылдық 8,00 %; 30/360) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өтті. Аталмыш облигациялар шығарылымы, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау комитеті 2011 жылдың 10 тамызында тіркеген , "Цеснабанк" АҚ үшінші облигациялық бағдарламасының аясындағы екінші шығарылымы болып табылып, және аталмыш эмитенттің биржада листинг процедурасынан өткен "ішкі" облигацияларының жалпы сомасы 100,0 млрд теңге 12-ші шығарылымы болып табылады. Рнайы мамандандырылған сауда-саттықта "Цесна Капитал" АҚ (Астана) сатушы ретінде болды. Эмитент сауда-саттықта KZP02Y07E081 10 000 000 000 облигациясын орналастыруды жоспарлаған (осы шығарылымның жарияланған облигацияларының жалпы санының 25,0 %). Бағалы қағаздың номиналды құнының үтірден кейін төртінші таңбасына дейін дәл көрсетіліп, пайызбен берілген облигациялардың "таза бағасы" (жиналған сыйақыны есептемегенде) сауда-саттықтың мәні болды. Орналастыруға қатысу туралы өтінімдер жабық әдіспен алматы уақытымен (ALT) 11:30 бастап 15:00 дейін берілді. Сауда-саттыққа тек шектелімді өтінімдер ғана қабылданды. Сатып алу туралы өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі – кесімді баға бойынша. Есептесу схемасы – Т+0. Сауда-саттыққа бір KASE мүшесі – зейнетақылық нарықтың субъектінің мүддесіне әрекет етуші брокерлік-дилерлік ұйым, қатысты, ол сатып алуға 2 өтінім берді, солардың біреуі 849 000 000 облигация өтінімдер беру кезеңінінің аяқталу сәтінде белсенді болып қалды. Осылайша, сауда- саттықтағы сұраныс ұсыныстың 85 % құрады. Берілген өтінімдердегі "таза баға" 92,5190 % (сатып алушы өтеуіне жылдық 9,5 %) деңгейінде болды. Сауда-саттықтың нәтижелері бойынша эмитент бағаны сол деңгейде белгілеп, өтінімді толық көлемде қанағаттандырды. Бұл ретте тарту сомасы 10 236 700 941,65 теңгені құрады. "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) мәліметтері бойынша осы ақпаратты жариялау сәтіне барлық мәмілелер орындалды. [2012-09-24]