"НГСК КазСтройСервис" АҚ (Қазақстан) өзінің Директорлар кеңесінің 2012 жылдың 17 қыркүйегіндегі шешімі туралы хабарлады

24.09.12 16:56
/KASE, 24.09.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "НГСК КазСтройСервис" АҚ (Алматы), биржаға ұсынған ресми хатында өзінің Директорлар кенесінің 2012 жылдың 17 қыркүйегінде мынадай шешімдер қабылдаған туралы хабарлады 1) "СП CASPI BITUM" ЖШС-пен жасалған "Ақтау пластикалық массалар зауытында жол битумдарын өндіру" құрылыс нысанының құрылысы туралы келісім-шарты – ірі мәмілеге қосымша келісім жасасу. Акционерлік қоғамның ірі мәміле жасасуы туралы мәлімет - акционерлік қоғамның мәміле жасасу туралы шешім қабылдаған күні – 17.09.2012ж. - мәміле заты болып табылатын мүліктің құны – қолданылмайды - мәміле заты болып табылатын мүліктің соңғы бағалау датасы – қолданылмайды - мәміле заты болып табылатын мүліктің акционерлік қоғамның активтерінің жалпы құнындағы пайыздық қатынасты – қолданылмайды - мәміленің негізгі елеулі шарттары: келісім-шарт бойынша төлемдер жасау тәртібін өзгерту 2) мәміле жасаскан күні – қосымша келісімге әлі қол қойылған жоқ 3) ірі мәміле жасасу –"Казкоммерцбанк" АҚ-мен ақшаны кепілге қою туралы келісім-шарты. Акционерлік қоғамның ірі мәміле жасасуы туралы мәлімет - акционерлік қоғамның органы мәміле жасасу туралы шешім қабылдаған күні – 17.09.2012г - мәміле заты болып табылатын мүліктің құны – 48 994 304 000 теңге ақшаны кепілге қою - мәміле заты болып табылатын мүлікті соңғы бағалау датасы – қолданылмайды - мәміле заты болып табылатын мүліктің акционерлік қоғамның активтерінің жалпы құнындағы пайыздық қатынасты – 45% - мәміленің негізгі елеулі шарттары: 2005 жылдың 01 шілдесіндегі "Казкоммерцбанк" АҚ-мен жасалғани Несиелік линия ашу туралы # 646 Келісім бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етуге орай, "Казкоммерцбанк" АҚ-нда Қоғамның шоттарына келіп түсетін ақшаларды кепілге қою, - мәміле жасасу датасы – келісім-шартқа әлі қол қойылған жоқ Акционерлік қоғамның активтерінен, сомасы кемінде бес пайызын құрайтын, мүлікті кепілге (қайта кепілге) беру туралы ақпарат - акционерлік қоғамның органы акционерлік қоғамның мүлігін кепілге (қайта кепілге) беру туралы шешімін қабылдаған күні: 17.09.2012г - акционерлік қоғамның мүлігін кепілге (қайта кепілге) беру датасы мен мүлікті кепілге (қайта кепілге) беру мерзімі: 03.12.2013ж. кешіктірмей. - кепілге (қайта кепілге) берілетін акционерлік қоғамның мүлігінің құны: 48 994 304 000 теңге көлемінше ақша қаражаты - кепілге (қайта кепілге) берілетін акционерлік қоғамның мүлігінің соңғы бағалау датасы: қолданылмайды - осы акционерлік қоғамның мүлігінің жалпы активтерінің жалпы құнына кепілге (қайта кепілге) берілетін мүліктің пайыздық қатынасты: 45% [2012-09-24]