"ПАВЛОДАРЭНЕРГО" АҚ (Қазақстан) ресейлік компаниялармен Павлодарлық ТЭЦ-3 үшін жабдықтарды жеткізу бойынша келісім-шарттар жасасты

21.09.12 17:36
/KASE, 21.09.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "ПАВЛОДАРЭНЕРГО" АҚ (Павлодар), биржаға ұсынған баспасөз-релизінде былай деп хабарлады: Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының аймақаралық ынтымақтастығының IX Форумы" барысында, құрамына "ПАВЛОДАРЭНЕРГО" АҚ кіретін, "Орта-Азиялық Электроэнергетикалық Корпорациясы" ресейлік компаниялармен, 356 млн. АҚШ доллары көлемінде, ынтымақтастық туралы үш меморандумға қол қойды 18 қыркүйекте Павлодар қаласында "Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының аймақаралық ынтымақтастығының IX Форумы" барысында "ҚР және РФ аймақтары арасында инновациялық және өндірістік кооперация аясындағы ынтымақтастықты дамыту" атты бизнес-форум болып өтті. Осы іс-шараның басты мақсаты инвестициялар, өнім экспорты және бірлескен кәсіпорындарды құру аясында қазақстан-ресейлік ынтымақтастықты нығайту болып табылады. Бизнес-форумның жұмысына Қазақстан және Ресей министрліктерінің өкілдері, Внешэкономбанк және Еуразиялық даму банкінің, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Сауда-Өнеркәсіптік палаталарының жетекшілері, екі елдің бизнес қауымдастығының өкілдері қатысты. Осы баспасөз-релиздің толық нұсқасымен KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/PDEN/pden_reliz_210912.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады. [2012-09-21]