/ҚАЙТАЛАУ/ 28 ҚЫРКҮЙЕК КҮНІ БИРЖАДА "ДОСЖАН ТЕМІР ЖОЛЫ (ДТЖ)" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) KZ2CKY23B672 (KZ2C00000701, DTJLB1) ОБЛИГАЦИЯЛАРЫН КЕРІ САТЫП АЛУ БОЙЫНША АРНАЙЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН САУДА-САТТЫҒЫ ӨТКІЗІЛЕДІ

21.09.12 10:57
/KASE, 21.09.12, 19.09.12 жаңалығын қайталау/ – 2012 жылдың 28 қыркүйегінде KASE сауда-саттық жүйесінде "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ (Астана) KZ2CKY23B672 (KZ2C00000701, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының екінші санатшасы, DTJLb1; 1 000 теңге, 30,0 млрд теңге; 02.08.05 – 02.08.28, жылдық 5,45 % жарты жылдық купон, 30/360) инфрақұрылымдық облигацияларын кері сатып алу бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі деп Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды. Орналастырудың жарияланған көлемі 4 150 000 KZ2CKY23B672 облигациясы (осы шығарылымның тіркелген облигацияларының жалпы санынан 14,0 %). Арнайы мамандандырылған сауда-саттық KASE сауда-саттық жүйесінде Алматы уақыты (ALT) 11:30-дан 15:00-ге дейін өткізіледі. Бағалы қағаздың сауда-саттықтағы коды – DTJLb1. Сатып алушы кесімді бағаны сауда-саттық күні ALT 16:00-ге дейін анықтайды. Есептесулер "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) ережелер жинағына сәйкес жүзеге асырылады. Бағалы қағаздарды сатып алушысы сатып алынған бағалы қағаздарға төлейтін ақшаның "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ-ндағы корреспондеттік есеп-шотында 15:00-де ALT (Т+0) бар болуын қамтамасыз етуі тиіс. Сауда-саттыққа тек KASE сауда-саттық жүйесіне жабық тәсілмен берілген, шектелімді өтінімдер ғана қабылданады. Өтінімде көрсетілетін баға ретінде, үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейін дәл көрсетілген, бағалы қағаздың атаулы құнын пайызбен көрсетілген, облигацияның "таза" бағасы (жиналған мүддені есептемегенде) белгіленуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралдарының саны данада берілген облигациялар санына тең болуы тиіс. Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының бір облигацияның "таза емес" бағасына (жинақталған мүддені ескере отырып) көбейтіндісі көрсетіледі. Мәміле, мекен-жайы бойынша жарияланған, http://www.kase.kz/files/normative_base/bond_yield_kaz.pdf көлемі Облигациялар кірістілігін және облигациялармен жасалатын мәмілелер сомасын есептеу әдістемесінің 3 тарауының 14 бабына сәйкес есептеледі. Сатып алу өтінімдерін қанағаттандыру тәсілі – кесімді бағаға тең немесе сатушы үшін пайдалырақ болатын өтінімдердің бағалары бойынша. Сауда-саттыққа қатысуға тек KASE қор нарығының мүшелері өтінімдер бере алады. Өзге инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/kz/membership мекен-жайы бойынша жарияланған. Аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасымен http://www.kase.kz/files/emitters/DTJL/dtjlf9b1_2006.pdfмекен-жайы бойынша танысуға болады. [2012-08-21]