KASE үлестік және борыштық бағалы қағаздардың нарықтық бағалаулары туралы мәліметтері бар файлдардың құрылымы өзгеретіні туралы хабарлайды

20.09.12 15:28
/KASE, 20.09.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2012 жылдың 24 қыркүйектен бастап үлестік және борыштық бағалы қағаздардың нарықтық бағалаулары туралы мәліметтері бар файлдардың құрылымы өзгеретіні туралы хабарлайды. Аталмыш файлдарда "Бағаның өлше бірлігі" өрісімен толықтырылады, атап айтқанда: 1) XLS форматындағы файлда "Корпоративтік облигациялар" парағында "Бағаның өлшем бірлігі" атты баған қосылады, онда, номиналды құнына қатынасты пайызбен бағасы белгіленетін, облигациялар үшін "%" немесе баға белгілеу валютасының үш таңбалы коды (мысалы, "KZT") беріледі 2) TXT форматындағы файлда, жоғарыда аталған, бағаның өлшем бірлігі туралы ақпараттары бар, өріс қосылады. Осындай өзгерту, Биржаның тізімінде Биржада валюта бірлігімен бағасы белгіленетін, облигациялар бар болғандығына байланысты енгізілді, олардың қасиеттері мен шығарылым шарттары олардың бағасын номиналды құнынан (қарыз номиналынан) пайызбен тиісті есептеп шығаруға мүмкіндік бермейді. Төменде осындай облигациялардың тізімі берілген: –KZ2C0Y17C783 (KZ2C00001493, ALTMb1) "Алматытемiр" АҚ (Алматы), –XS0495755729 (XS0495756024, ASBNe10) "Альянс Банк" АҚ (Алматы), –MYBVI1202859 (BBG0036T6HY2, BRKZs1) "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ (Астана), –XS0602554825 (BBG001QM1KT3, CCBNe6) "Банк ЦентрКредит" АҚ (Алматы), –KZ2C0Y14C210 (KZ2C00001287, EKTNb1) "ЭКОТОН+" АҚ (Астана), –KZP01Y20C023 (KZ2C00000263, KKAGb2) "Қазақстан Қағазы" АҚ (Алматы обл., Абай с.), –KZP02Y22C027 (KZ2C00000271, KKAGb3) "Қазақстан Қағазы" АҚ, –KZ2C0Y20D116 (KZ2C00000255, KKAGb4) "Қазақстан Қағазы" АҚ, –KZ2C0Y35D510 (BBG0000VRKK4, SKKZb21) "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл- ауқат қоры" АҚ (Астана), –USY8584LAA18 (US87971SAA87, TEBNe1) "Темiрбанк" АҚ (Алматы). Осы кезде үлестік және борыштық бағалы қағаздардың нарықтық бағалауы туралы мәліметтері бар файлдарда, жоғарыда берілген облигациялардың нарықтық бағалаулары, олардың номиналы құнына қатынасты пайызбен емес (CCBNe6 және TEBNe1 Bloomberg агенттігінің ақпараттық терминалында тиянақталған, баға белгілеулермен бағаланатын жағдайларды қоспағанда), олардың Биржадағы бағасы белгіленетін валютасында көрсетіледі. [2012-09-20]