18 қыркүйек күні KASE бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған "Биржалық нарық ақпараттарымен жұмыс жасау" атты семинарын өткізді

20.09.12 10:06
/KASE, 20.09.12/ – 2012 жылдың 18 қыркүйегінде Қазақстан қор биржасы (KASE) бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған "Биржалық нарық ақпараттарымен жұмыс жасау" атты семинарын өткізді. KASE семинарында Қазақстанның қаржы нарығының аса ірі ақпараттық ресурстарының бірі – KASE сайтында орналастырылатын, ақпаратының негізгі көздері, осы ақпаратпен жұмыс жасау бойынша мүмкіндіктер және ақпаратты талдаудың негізгі ұстанымдары қарастырылды. Осымен үшінші рет өткізіліп отырған, семинардың жұмыс бағдарламасы, KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/mix/kase_180912.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. [2012-09-20]