"Қазақстанның Даму Банкі" АҚ "Евраз Каспиан Сталь" ЖШС-пен Қостанай қаласында ұсақсұрыпты стан кешенінің құрылысы бойынша жобаны жүзеге асыру туралы келісім-шартқа қол қойғаны туралы хабарлады

19.09.12 15:26
/KASE, 19.09.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ (Астана), биржаға 2012 жылдың 19 қыркүйегіндегі баспасөз-релизін жолдап, былай деп мәлімдеді: 2012 жылдың 18 қыркүйегінде Павлодар қаласында "Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының аймақтары арасында инновациялар және өндірістік кооперация аясында ынтымақтастықты дамыту" атты қазақстандық-ресейлік бизнес-форум болып өтті. Бизнес-форум Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы арасындағы IX аймақаралық ынтымақтастық форумы шегінде болып өтті. Осы іс-шараның ұйымдастырушысы, Индустрия және жаңа технологиялар Министрлігінің, сондай-қа РФ Внешэкономбанкінің қолдауымен, Қазақстанның даму Банкі болды. Бизнес-форумның жұмыс барысында Қазақстан мен Ресейдің ірі компаниялары арасында сегіз Келісімге қол қойылды. Атап айтқанда, "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ және "Евраз Каспиан Сталь" ЖШС арасында, өнімділігі жылына 450 мың тонна арматура шығаратын, Қостанай қаласында ұсақсұрыпты стан кешенінің құрылысы бойынша жобаны жүзеге асыру туралы келісім-шартқа қол қойылды. Бұл құжатқа қол қою, бұдан бұрын 2012 жылдың 14 тамызында жасалған, ҚДБ және "Евраз Каспиан Сталь" ЖШС арасында несиелік линиясын ашу туралы Келісімнің шегінде, жүзеге асырылды. Осы кезде зауыттың құрылысы қарқынды жүріп жатыр, жұмыстың 30% атқарылды. Осы баспасөз-релиздің толық нұсқасымен KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/BRKZ/brkz_reliz_190912.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. [2012-09-19]