ҚҰБ ҚҚК "Сарыарқа" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының (Қазақстан) акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есебін бекітті

18.09.12 16:31
/KASE, 18.09.12/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Сарыарқа" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" Ұлттық компаниясы" АҚ (Қарағанды, бұдын әрі – компания), Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау комитеті (ҚҰБ ҚҚК) 2012 жылдың 24 тамызындағы ескертпесінің көшірмесін биржаға ұсынды. Аталмыш құжатқа сәйкес: - ҚҰБ ҚҚК компания акциялары орналастыру нәтижелері туралы есебін бекітті; - шығарылым 26 704 677 956 жай акцияға бөлінді; - компания акцияларының шығарылымы Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне А5830 нөмірімен енгізілді; - 2012 жылдың 21 мамырындағы жағдай бойынша компанияның 26 550 929 624 жай акциялары орналастырылған, оның жарғылық капиталы 28 898 843 796 теңге көлемінде қалыптастырылған. [2012-09-18]