"Kaspi Bank" АҚ (Қазақстан) "Тегін төлемдер" атты бірегей қызметті ауқымды түрде іске қосқаны туралы хабарлады

18.09.12 15:42
/KASE, 18.09.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Kaspi Bank" АҚ (Алматы), 2012 жылдың 17 қыркүйегінде биржаға жолдаған баспасөз-хабарламасында былай деп мәлімдеді: цитата басы kaspi bank kaspi.kz интернет бөлімшесін іске қоса отырып, клиенттерге «Тегін төлемдер» атты қызмет ұсынды, ол төлемдер нарығындағы төңкеріс болды. Банктің клиенттері kaspi.kz сайтындағы «Тегін төлемдердің» арқасында комиссиясыз әрі кезекте тұрмай ұялы телефонның балансын толықтырып, коммуналдық қызмет ақысы мен басқа да төлемдерді үйінен немесе офистен шықпай, немесе ұялы телефонынан жылдам әрі оңай төлей алады. цитата соңы Осы баспасөз-релизінің толық нұсқасымен KASE веб-сайтында: - қазақ тілінде – http://www.kase.kz/files/emitters/CSBN/csbn_reliz_170912_kz.pdf мекен- жайы бойынша; - орыс тілінде – http://www.kase.kz/files/emitters/CSBN/csbn_reliz_170912.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады. [2012-09-18]