"Қазақстандық Ипотекалық Компания" Ипотекалық ұйымы" АҚ "Қол жетімді тұрғын үй – 2020" бағдарламасын жүзеге асыру барысы туралы хабарлады
18.09.12 14:47
/KASE, 18.09.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімнде тұрған, "Қазақстандық Ипотекалық Компания" Ипотекалық
ұйымы" АҚ (Алматы), бүгін биржаға жолдаған баспасөз-хабарламасында
былай деп мәлімдеді:
"Қазақстандық Ипотекалық Компания" Ипотекалық ұйымы" АҚ (бұдан әрі –
"ҚИК " ИҰ" АҚ) "Сатып алу құқығымен жалдайтын тұрғын үй" бағыты бойынша
"Қол жетімді тұрғын үй – 2020" Бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама)
жүзеге асыру бойынша алғашқы қадамдар жасады.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтің Қазақстан халқына 2012 жылдың
27 қаңтарындағы Жолдауында ҚР Үкіметі "Қол жетімді тұрғын үй – 2020"
Бағдарламасын приоритетті деп белгіледі. Бағдарламаның бағыттарының бірі
"Сатып алу құқығымен жалдайтын тұрғын үй" "ҚИК" ИҰ" АҚ жүзеге асырады.
Осы кезде Бағдарламаны іске асыру мақсатында "ҚИК" ИҰ" АҚ еншілес
ұйымдарын, атап айтқанда "Бірегей Төлеу Жүйесі" ЖШС және "Қазақстандық
Тұрғын үй - құрылыс Корпорациясы" АҚ құрды, олар жалдайтын тұрғын
үйлердің құрылысшыларымен, қызметтер жеткізушілерімен және жалға
алушылармен қажетті жұмыстарды жүргізеді.
Бағдарламаны жүзеге асыру барысында "Сатып алу құқығымен жалдайтын
тұрғын үй" бағытының уақытылы іске қосуы бойынша белсенді жұмыс
атқаруға байланысты ҚИК" ИҰ" АҚ жалдайтын тұрғын үйлердің құрылысына,
іске қосылуы және жалға берілуіне өз жұмысын бағыттайды.
Байланыстағы тұлға:
Катерина Третьякова
"Қазақстандық Ипотекалық Компаниясы" ИҰ" АҚ
Жарнама және жұртшылықпен жұмыс жүргізу
басқармасының бастығы
8 (727) 344-12-22 вн. 141,
8 (777) 263 15 40
[2012-09-18]