"Еуразиялық банк" АҚ 2012 жылдың I жарты жылдығының қызмет қорытындылары туралы хабарлады

17.09.12 16:34
/KASE, 17.09.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Еуразиялық банк" АҚ (Алматы), биржаға 2012 жылдың 17 қыркүйегіндегі баспасөз-хабарламасын ұсынып, былай деп мәлімдеді: цитата басы «Еуразиялық банк» АҚ ҚЕХС сәйкес аудиттелген шоғырландырылған аралық қысқартылған қаржылық есептілікке сәйкес 2012 жылдың I жартыжылдығындағы қызметінің қорытындыларын ұсынды. 2012 жылдың I жартыжылдығындағы Пайда және шығын туралы есептің негізгі көрсеткіштер қарқыны келесі түрде: - Операциялық шығыстардың кірістерге қатынасы (CIR) 2% қысқарып, 57,8% құрады; - Таза пайда 3,5 млрд. теңгені құрады, ол өткен жылдың ұқсас кезеңінен 28,1% артық; - Таза пайыздық кіріс 45,8% артып, 7,6 млрд теңгені құрады; - Таза пайыздық маржа (NIM) ағымдығы жылы 9,1% артып 6,7% құрады; - Провизиялар қалыптастырылғанға дейін операциялық кіріс 46,1% артып, 15,9 млрд теңгені құрады. цитата соңыы Осы баспасөз-хабарламасының толық нұсқасымен KASE веб-сайтында: - қазақ тілінде – http://www.kase.kz/files/emitters/EUBN/eubn_reliz_170912_k.pdf мекен- жайы бойынша; - орыс тілінде – http://www.kase.kz/files/emitters/EUBN/eubn_reliz_170912.pdf мекен-жайы бойынша; - ағылшын тілінде – http://www.kase.kz/files/emitters/EUBN/eubn_reliz_170912_e.pdf мекен- жайы бойынша танысуға болады. [2012-09-17]