26 ҚЫРКҮЙЕК КҮНІ БИРЖАДА "ҚАЗЭКСПОРТАСТЫҚ ХОЛДИНГІ" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) KZ2C0Y05E065 (KZ2C00001634, KASTB3) ОБЛИГАЦИЯЛАРЫН ОРНАЛАСТЫРУ БОЙЫНША АРНАЙЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН САУДА-САТТЫҒЫ ӨТКІЗІЛЕДІ

17.09.12 13:28
/KASE, 17.09.12/ – 2012 жылдың 26 қыркүйегінде KASE сауда-саттық жүйесінде "ҚАЗЭКСПОРТАСТЫҚ ХОЛДИНГІ" АҚ (Астана) KZ2C0Y05E065 (KZ2C00001634, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, KASTb3; 1 000 теңге, 40,0 млрд теңге; 18.07.11 – 18.07.16, жылдық 8,50 % жарты жылдық купон, 30/360) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі деп Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды. Арнайы мамандандырылған сауда-саттықта сатушысы "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы "BCC Invest" АҚ (Алматы) болады. Орналастырудың жарияланған көлемі 3 300 000 KZ2C0Y05E065 облигациясы (осы шығарылымның тіркелген облигацияларының жалпы санынан 8,3 %). Арнайы мамандандырылған сауда-саттық KASE сауда-саттық жүйесінде Алматы уақыты (ALT) 11:30-дан 15:00-ге дейін өткізіледі. Бағалы қағаздың сауда-саттықтағы коды – KASTb3. Сатып алушы кесімді бағаны сауда-саттық күні ALT 16:00-ге дейін анықтайды. Есептесулер "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) ережелер жинағына сәйкес жүзеге асырылады. Бағалы қағаздарды сатып алушысы сатып алынған бағалы қағаздарға төлейтін ақшаның "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ-ндағы корреспондеттік есеп-шотында 15:00-де ALT (Т+0) бар болуын қамтамасыз етуі тиіс. Сауда-саттыққа тек KASE сауда-саттық жүйесіне жабық тәсілмен берілген, шектелімді өтінімдер ғана қабылданады. Өтінімде көрсетілетін баға ретінде, үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейін дәл көрсетілген, бағалы қағаздың атаулы құнын пайызбен көрсетілген, облигацияның "таза" бағасы (жиналған мүддені есептемегенде) белгіленуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралдарының саны данада берілген облигациялар санына тең болуы тиіс. Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының бір облигацияның "таза емес" бағасына (жинақталған мүддені ескере отырып) көбейтіндісі көрсетіледі. Мәміле, мекен-жайы бойынша жарияланған, http://www.kase.kz/files/normative_base/bond_yield_kaz.pdf көлемі Облигациялар кірістілігін және облигациялармен жасалатын мәмілелер сомасын есептеу әдістемесінің 3 тарауының 14 бабына сәйкес есептеледі. Сатып алу өтінімдерін қанағаттандыру тәсілі – кесімді бағаға бойынша. Кесімді бағаға тең немесе одан төмен болатын өтінімдер алып тасталады. Сауда-саттыққа қатысуға тек KASE қор нарығының мүшелері өтінімдер бере алады. Өзге инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/kz/membership мекен-жайы бойынша жарияланған. Аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасы http://www.kase.kz/files/emitters/KAST/kastf9b3_2011.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. Аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасына енгізілген, 2012 жылдың 11 маусымында тіркелген, өзгертулер мен толықтырулар – http://www.kase.kz/files/emitters/KAST/kastf9b3_ism_110612.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. Аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасына енгізілген, 2011 жылдың 11 қарашасында тіркелген толықтырулар – http://www.kase.kz/files/emitters/KAST/kastf9b3_ism_161111.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. Аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасына енгізілген, 2011 жылдың 19 қазанында тіркелген, өзгертулер мен толықтырулар – http://www.kase.kz/files/emitters/KAST/kastf9b3_ism_191011.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. [2012-09-17]