"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Қазақстан) "Петровьетнам" корпорациясымен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойғаны туралы хабарлады

11.09.12 15:15
/KASE, 11.09.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана), биржаға 2012 жылдың 11 қыркүйегінде жолдаған баспасөз-хабарламасында былай деп мәлімдеді: цитата басы Вьетнам Социалистік Республикасының Президенті Чьюнг Тан Шангтің Қазақстан Республикасына ресми сапары шеңберінде вьетнамдық делегация «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының орталық кеңсесінде болды. Қонақтар ҚР мұнайгаз өнеркәсібі көшбастаушысының қызметімен танысып, екі елдің мұнай өндіру саласындағы ынтымақтастығы туралы мәселелерді талқылады. ҚМГ-дағы келіссөздер нәтижесінде өзаратүсіністік жөніндегі Меморандумға қол қойылды. Құжатқа «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Ляззат Киинов пен «Петровьетнам» мұнай және газ барлау корпорациясының басшысы До Ван Хау қол қойды.. Компаниялар арасында қол қойылған өзаратүсіністік жөніндегі Меморандум Қазақстан Республикасы аумағындағы Маңғыстау облысының құрғақ жерінде орналасқан бос учаскеде көмірсутегі шикізаты ресурсын барлау, жасау және өндіруге әлеуетті бірлескен қатысуға негіз қалайды. Тараптар көмірсутегі шикізатын барлау мен өндіру саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуды ұйғарып отыр. «Петровьетнам» мұнайды және табиғи газды барлау, игеру және өндіруде тәжірибесі бар мұнай-газ компаниясы ретінде Қазақстан Республикасының аумағында көмірсутегі шикізаты ресурсын барлау және өндіруді жүргізуге қызығушылық танытты. Бұдан бұрын, үстіміздегі жылдың шілдесінде «ҚазМұнайГаз» «Петровьетнам» мұнай және газ барлау корпорациясына техникалық қызметтер көрсететіндігі жөнінде екі компания қызметтер көрсету туралы келісімге қол қойған болатын.. Координаттар шегіндегі учаскелердің перспективалығы анықталған жағдайда тараптар бірлескен жұмысты жалғастырады және негізгі коммерциялық, техникалық және келісімшарттық талаптар жөнінде келіссөздер жүргізетін болады. цитата соңы [2012-09-11]