АНОНС: 18 ҚЫРКҮЙЕК КҮНІ KASE БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІНЕ АРНАЛҒАН "БИРЖАЛЫҚ НАРЫҚТЫҢ АҚПАРАТТАРЫМЕН ЖҰМЫС" ТАҚЫРЫБЫНА СЕМИНАРЫН ӨТКІЗЕДІ
11.09.12 13:38
/KASE, 11.09.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2012 жылдың
18 қыркүйегінде сағат 14:30 бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне
арналған "биржалық нарықтың ақпараттарымен жұмыс" тақырыбына
семинарын өткізеді.
Семинарда Қазақстанның қаржы нарығының аса ірі ақпараттық
ресурстарының бірі – KASE сайтында орналастырылатын , ақпараттың
көздері, мүмкіндіктері және талдауының негізгі ұстанымдары
қарастырылады.
Семинар KASE мәжіліс залында, Алматы қ., Байзақов көш., 280, "Almaty
Towers" КФК, солтүстік мұнара, 8-ші қабат мекен-жайы бойынша өткізіледі.
Іс шараға қатысу тегін. Тіркелу pr@kase.kz мекен-жайы бойынша,
17 қыркүйекке дейін жүргізіледі.
[2012-09-11]