Fitch агенттігі "ҚАЗЭКСПОРТАСТЫҚ Холдингі" АҚ (Қазақстан) рейтингілік бағалауларын растады, болжамы "Тұрақты"

11.09.12 10:51
/Fitch Ratings, Лондон-Мәскеу, 10.09.12, ағылшын тілінен аудармасы Fitch Ratings, тақырыптамасы KASE/ – Fitch агенттігі ҚазЭкспоАстық Холдингінің, Қазақстан (бұдан әрі – "ҚазЭкспортАстық"): эмитент дефолтының шетел және ұлттық валютасымен ұзақ мерзімді рейтингілері ("ЭДР") "B" деңгейінде және ұзақ мерзімді ұлттық рейтингі "BB(kaz)" болжамы "Тұрақты". Сондай-ақ Fitch компанияның артықшылықты қамтамасыз етілмеген рейтингілерін "В-" деңгейінде және ұлттық артықшылықты қамтамасыз етілмеген рейтингін "В+(kaz)" деңгейінде растады, активтердің қайтарымдылық рейтингі "RR5" және осы рейтингтерді Rating Watch "Негативті" тізімінен алып тастады. ҚазЭкспоАстық ЭДР "В" деңгейінде агенттікпен расталуы компанияның 2012 қаржылық жылдағы мықты көрсеткіштерін сипаттайды, оның себептері, астық өсімділігінің төмендігін артығымен өтейтін, нарықтық бағалардың жағымды болуы. Бұл пікір 2012ж. компанияның көрсеткіштеріне әлеуетті түрде ықпал ететін, екі қарама-қарсы тенденцияларды қамтиды: ауылшаруашылық өнімге әлемдік бағаның өсуі (оң фоктор) және Қазақстандағы астық бойынша төмен болжамдар (теріс фоктор). 2012 жылдың 1 жартыжылдығында қаржылық көрсеткіштер тұрақты болды, дегенмен толық бір жылдың нәтижелерін сипаттамайды, себебі астық жинаудың негізгі маусымы қазан айында аяқталады. Аталып өткені, ҚазЭкспоАстық өз берешегінің құрылымын жақсарту бойынша жұмысын жалғастырып, соның нәтижесінде қамтамасыз етілмеген борышының рейтингі Rating Watch "Негативті" тізімінен алып тасталды. Компанияның ЭДР бұрынғыдай, ауыл шаруашылығының мерзімділігі мен маусымдылығы, ҚазЭкспоАстықтың бір географиялық аймаққа тәуелділігі және ауқымды вертикальды интеграцияның немесе ауылшаруашылық мәдениеттердің және ауыл шарушалық өндірісі үшін қосалқы қызметтердің ротациясынан басқа диверсификациясының жоқтығы себептерінен, оның бірқалыптыдан жоғарғыға дейінгі деңгейдегі операциялық тәуекелдерін көрсетеді. Байланыстар: Бірінші талдаушы, Пабло Маццини, Аға директор +44 20 3530 1021 Екінші талдаушы, Антон Шишов, Талдаушы +7 495 956 5569 Комитет төрағасы, Рэймонд Хилл, Аға директор +44 20 3530 1079 [2012-09-11]