"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Қазақстан) Атырау мұнай өңдеу зауытында Мұнайды тереңдетіп өңдеу кешені құрылысын бастағаны туралы хабарлады

10.09.12 17:12
/KASE, 10.09.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана), биржаға 2012 жылдың 10 қыркүйегінде жолдаған баспасөз-хабарламасында былай деп мәлімдеді: цитата басы 2012 жылдың 10 қыркүйегінде Атырау мұнай өңдеу зауытында Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Жапония мұнай компанияларының жетекшілері, мемлекеттік қадағалаушы органдар мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен Мұнайды тереңдетіп өңдеу кешені құрылысының іргетасына «алғашқы тас» қалауға арналған салтанатты шара болып өтті. "Атырау МӨЗ-ындағы мұнайды тереңдетіп өңдеу кешені құрылысы" Жобасы 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриалды- инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасында, Қазақстан Республикасының Президентінің «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» Жолдауында және ҚР аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы Техникалық регламентте көзделген шараларды орындау аясында жүзеге асырылуда. МТӨК құрылысының жобасын жүзеге асырушылар - «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры, «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ, «ҚазМұнайГаз – қайта өңдеу және маркетинг» АҚ, «Атырау МӨЗ» ЖШС және ресейлік «ОмскНефтеХимПроект» ААҚ. цитата соңы Осы баспасөз-хабарламасының толық нұсқасымен KASE веб-сайтында: - орыс тілінде – http://www.kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_reliz_100912.pdf мекен- жайы бойынша; - қазақ тілінде – http://www.kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_reliz_100912_kz.pdf мекен- жайы бойынша танысуға болады. [2012-09-10]