"RG Brands" АҚ (Қазақстан) өзінің KZ1C46310013 (KZ1C00000496, RGBR) жай акциялары бойынша 2010 және 2011 жылдарға дивиденд төлеуді көздегені туралы хабарлады

10.09.12 15:00
/KASE, 10.09.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "RG Brands" АҚ (Астана) өзінің KZ1C46310013 (KZ1C00000496, KASE ресми тізімі, үшінші санат, RGBR) жай акциялары бойынша 2010 жылға бір акцияға 178,92 теңге көлемінде, 2011 жылға - бір акцияға 112,76 теңге көлемінде дивиденд төлеуді көздегені туралы хабарлап, биржаға ресми хат жолдады. Айтылмыш хабарламаға сәйкес дивидедтер төлеу 2012 жылдың 10 қыркүйегінде басталады, дивиденд төлеу үшін жай акцияларды ұстаушылардың тізілімі 2012 жылдың 21 тамызындағы жағдай бойынша тиянақталады. [2012-09-10]