"AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)" АҚ (Қазақстан) 07 қыркүйекте өзінің 1,0 млрд KZP01Y07D887 (KZ2C00001766, LARIb2) облигациясын биржада жылдық 8,5% орналастырды

07.09.12 17:53
/KASE, 07.09.12/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда жүйесінде "AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)" АҚ (Алматы) KZP01Y07D887 (KZ2C00001766, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар қарыздық бағалы қағаздар" санаты, LARIb2; 1 теңге, 10,0 млрд теңге; 16.07.12 – 16.07.19; жарты жылдық купон жылдық 8,00 %; 30/360) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өтті. Йы мамандандырылған сауда-саттықтағы сатушы ретінде "Asia Capital" Басқарушы компаниясы" АҚ (Алматы) қатынасты. Эмитент сауда-саттықта KZP01Y07D887 2 000 000 000 облигациясын орналастыруды жоспарлаған (осы шығарылымның жарияланған облигацияларының жалпы санының 20 %). Бағалы қағаздың номиналды құнының үтірден кейін төртінші таңбасына дейін дәл көрсетіліп, пайызбен берілген облигациялардың "таза бағасы" (жиналған сыйақыны есептемегенде) сауда-саттықтың мәні болды. Орналастыруға қатысу туралы өтінімдер жабық әдіспен алматы уақытымен (ALT) 11:30 бастап 15:00 дейін берілді. Сауда-саттыққа тек шектелімді өтінімдер ғана қабылданды. Сатып алу туралы өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі – кесімді баға бойынша. Есептесу схемасы – Т+0. Сауда-саттыққа KASE бір мүшесі қатысты, ол 1 006 000 000 облигация сатып алуға өтінім берді, солардың ішінде өтінімдер беру кезеңінінің аяқталу сәтінде белсенді болып қалды. Осылайша, сауда-саттықтағы сұраныс ұсыныстың 50,3 % құрады. Берілген өтінімдердегі "таза баға" 97,4244 % (сатып алушы үшін өтелуіне жылдық 8,5 %) құрады. Белсенді өтінімдердің жалпы көлемінің 99,4 % - брокерлік-дилерлік компаниялардың үлесіне, 0,6 % - брокерлік-дилерлік компаниялар клиенттерінің үлесіне тиді. Сауда-саттықтың нәтижелері бойынша эмитент барлық үші өтінімді толық көлемде көрсетілген бағамен қанағаттандырды. Тарту сомасы 991 490 797,34 теңгені құрады. "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) мәліметтері бойынша осы ақпаратты жариялау сәтіне барлық мәмілелер орындалды.