"Қазақстанның Даму Банкі" АҚ "Евраз Каспиан Сталь" ЖШС-імен Қостанай қ. болат прокат зауытының құрылысына несие линиясын ашқаны туралы хабарлады

06.09.12 12:38
/KASE, 06.09.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) ресми тізімінде тұрған "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ (Астана), Биржаға 2012 жылдың 06 қыркүйегіндегі баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: цитата басы "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ (ҚДБ немесе Банк) Директорлар Кеңесі Қостанай қаласында болат прокатын өндіру зауытын салу туралы "Евраз Каспиан Сталь" ЖШС инвестициялық жобаны қаржыландыруға шешім қабылдады (Жоба). ҚДБ және қарызгер-компания арасында несие желісін ашу туралы келісім-шартқа осы жылдың 14 тамызында қол қойылған болатын. Жобаның жалпы сомасы 130,7 млн. АҚШ доллар, оның 70% Банк қаржыландырады. Жоба "Evraz Group S.A." ірі халықаралық металлургия және кен өндіру компаниямен бірге жүзеге асырылады. Зауытта жылына көлемі 450 мың тон ұсақ сұрыпты шығару өндірісі (болат арматурасы) жөнге салынуға тиіс. Қостанайда салынып жатқан болат прокатын шығару зауыты Қазақстанда бастауыш шикізаттан өндірілген бірінші зауыт болады деп күтілуде. Бұл Қазақстанды құрылыс индустрия саласында Ресей және Украина импортының тәуелділігін төмендетуге көмектеседі. Онымен қатар, болжам бойынша дайын өнімнің 50% кем емес бөлігі экспортқа жіберіледі. Зауыттың іске қосылу мерзімі 2013 жылдың төртінші тоқсаны деп жоспарлануда. Зауытта жаңа 350 жұмыс орындары пайда болады. "Евраз Каспиан Сталь" ЖШС 2008 жылы құрылды. Қостанай қаласында ұсақ сұрыпты шығару өндірісі (болат арматурасы) инвестициялық жобаны іске асырылады. цитата соңы