2012 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығындағы кезеңде Қазақстан қор биржасындағы шетел валюталары сауда-саттығының көлемі 11,6 %-ға төмендеп, 9,1 трлн теңгені ($61,5 млрд) құрады

04.09.12 18:25
/KASE, 04.09.12/ – 2012 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығындағы кезеңде Қазақстан қор биржасының (KASE) валюталық своп операцияларын қоса есептегенде, шетелдік валюталармен сауда-саттық көлемі 9 138,6 млрд теңгені (баламасы 61 503,4 млн АҚШ долларына тең) құрады және 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 11,6 % (13,1 % долларлық көрсетілімде) төмендеді. Алдыңғы сегіз айлық кезеңмен (2011 жылдың мамыр-желтоқсаны) салыстырғанда сауда-саттық көлемі 9,0 % (10,0 % долларлық көрсетілімде) төмендеді. Төмендегі кестеде биржа нарығының көрсетілген секторындағы 2012 жылдағы сауда-саттық көлемі айларға, валюталарға және мәмілелер түрлері бойынша бөлініп, және 2011 жылдың салыстырмалы мәліметтері берілген. ------------------------------------------------------------------------------- Сауда-саттық көлемі ------------------------------------------------------------------ спот-нарығында, млн -------------------------------- своп- барлығы, барлығы, Жылы, нарығында, млн млрд млн айы USD/KZT EUR/KZT EUR/USD RUB/KZT USD/KZT KZT USD ------------ -------- ------- ------- ------- -------------- -------- --------- 2012, I 3 350,2 0,9 0 322,1 1 976,0 792,1 5 337,7 2012, II 5 212,5 0,0 0 1 048,0 1 848,5 1 051,2 7 096,0 2012, III 4 703,6 1,2 0 1 291,3 2 547,5 1 078,3 7 297,0 2012, IV 5 538,2 0,7 0 687,9 1 983,3 1 115,3 7 545,8 2012, V 5 059,8 1,5 0 497,3 2 631,6 1 140,0 7 709,2 2012, VI 4 444,0 1,5 0 395,5 2 893,7 1 095,1 7 351,6 2012, VII 5 636,8 1,8 0 1 041,0 2 258,3 1 187,8 7 929,5 2012, VIII 7 464,6 6,3 0 533,7 3 747,4 1 678,8 11 236,5 ------------ -------- ------- ------- ------- -------------- -------- --------- Барлығы 41 409,5 13,9 0 5 816,8 19 886,3 9 138,6 61 503,4 ------------ -------- ------- ------- ------- -------------- -------- --------- 2011, I-VІІІ 55 204,4 204,6 14,8 2 783,4 15 121,7 10 333,1 70 738,3 өзг., % -25,0 -93,2 -100,0 +109,0 +31,5 -11,6 -13,1 ------------------------------------------------------------------------------- 04.01.12 бастап 31.08.12 дейінгі кезеңде Биржаның негізгі (таңертеңгілік) сауда сессиясының барлық мәмілелері бойынша есептелген теңгенің АҚШ долларына орташа сараланған бағамы бір долларға 149,42 теңгені, барлық биржалық мәмілелер бойынша бір долларға 149,44 теңгені құрады. Теңгенің АҚШ долларына орташа сараланған биржалық бағам бойынша девальвация жылдамдығы ағымдағы жылы жылдық 0,79 % бағаланады. 2012 жылдың алғашқы сегіз айына теңгенің АҚШ долларына девальвациясы деңгейі номиналды көрсетілімде 0,78 % құрады. 2011 жылы теңгенің АҚШ долларына ревальвациясы деңгейі номиналды көрсетілімде 0,61 % құрады. 2010 жылы теңгенің АҚШ долларына девальвациясы деңгейі номиналды көрсетілімде 065 % құрады.