"ПАВЛОДАРЭНЕРГО" АҚ "Эксперт РА Қазақстан" рейтингілік агенттігі" ЖШС қоғамға және оның KZ2C0Y10С606 (KZ2C00001501, PDENb1) облигацияларына рейтингілік бағалаулар бергені туралы хабарлады

05.09.12 15:37
/KASE, 05.09.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) ресми тізімінде тұрған, "ПАВЛОДАРЭНЕРГО" АҚ (Павлодар) KZ2C0Y10С606 (KZ2C00001501, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының бірінші санатшасы, PDENb1) KZ2C0Y10D695 (KZ2C00001519, , SKENb1) облигацияларына "А+" деңгейінде (сенімділіктің өте жоғары деңгейі) облигациялық займның сенімділік рейтингі және қоғамға "А+" деңгейінде (несиеге қабілеттіліктің өте жоғары деңгейі) несиеге қабілеттілік рейтингін беру туралы "Эксперт РА Қазақстан" рейтингілік агенттігі" ЖШС 2012 жылдың 23 тамызындағы куәлігі көшірмесін Биржаға ұсынды. Рейтингілердің жарамдылық мерзімі - 2012 жылдың 23 тамызынан 2013 жылдың 24 тамызына дейін немесе рейтингілер өзгергенге дейін.