ХАБАРЛАМА: 2012 жылдың 10 қазанында"Қазақстан қор биржасы" АҚ (Қазақстан) акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болады
04.09.12 17:00
/KASE, 04.09.12/ – Қазақстан Республикасы, 050040, Алматы қ.,
Байзақов көш., 280, "Almaty Towers" көпфункционалдық кешенінің
солтүстік мұнарасы, 8 қабат мекен-жайы бойынша орналасқан "Қазақстан
қор биржасы" АҚ (бұдан әрі - биржа) өзінің акционерлеріне Биржалық
кеңестің 2012 жылдың 29 тамызындағы шешімінің негізінде шақырылып
отырған акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы (бұдан әрі –
жиналыс) болатыны туралы хабарлайды.
Жиналыс 2012 жылдың 10 қазанында Алматы уақытымен сағат 10:00-де
келесі күн тәртібімен өткізіледі:
- биржа акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін
бекіту;
- Биржалық кеңес мүшесін - биржаның тәуелсіз директорын сайлау;
- биржа акционерлерінің назарына ақпарат.
Аталмыш жиналыс өтетін мекен-жайы: Алматы қ., Сәтбаев көш., 29/6,
Рахат Палас қонақ үйі, "Абай" залы. Жиналысқа қатысушыларды тіркеу
2012 жылдың 10 қазанында Алматы уақытымен сағат 09:00-дан 09:45-ке
дейін жүргізіледі.
Осы жиналысқа қатысу құқығы бар акционерлердің тізімі 2012 жылдың
03 қыркүйегінің алматы уақытымен сағат 00:00-дегі жағдай бойынша
құрастырылатын болады.
Кворум жиналмаған жағдайда компания акционерлерінің қайталама
жиналысы 2012 жылдың 11 қазанында алматы уақытымен сағат 10:00-ден
бастап Алматы қ., Сәтбаев көш., 29/6, Рахат Палас қонақ үйі, "Абай"
залы мекен-жайы бойынша өткізіледі. Қайталама жиналыс қатысушыларын
тіркеу 2012 жылдың 11 қазанында Алматы уақытымен сағат 09:00-ден
09:45-ке дейін жүргізіледі.
Акционерлер аталмыш жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелердің
материалдарымен жиналыс өткізілместен кемінде 10 күн бұрын Қазақстан
Республикасы, 050040, Алматы қ., Байзақов көш., 280, "Almaty Towers"
көпфункционалдық кешенінің солтүстік мұнарасы, 7 қабат, 706 каб.
мекен-жайы бойынша таныса алады.
Тіркелу кезінде жиналысқа қатысушылар жеке тұлғасына куәландыратын
құжатты, ал акционерлердің өкілдері оған қоса, жиналысқа қатысуға
және жиналыста қарастырылатын мәселелер бойынша дауыс беруге қатысуға
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рәсімделген сенімхатын
беруге тиіс.
Акционерлерден 2012 жылдың 21 қыркүйегінің 18:00 сағатына дейін биржаға
Биржалық кеңес мүшесі - биржаның тәуелсіз директоры лауазымына
үміткерлерді жазбаша түрде берулеріңізді сұраймыз.
Анықтама телефондары: (727) 237 53 17, 237 53 07, 257 53 00.