2012 жылдың 05 қыркүйегінен бастап биржада ББҚ автоматты репо нарығында жаңа қаржы құралдарымен сауда-саттықтар ашылады

04.09.12 16:21
/KASE, 04.09.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасы шешімімен 2012 жылдың 05 қыркүйегінен бастап KASE мүшесінің өтініші негізінде биржада автоматты репо нарығында мерзімі 1, 2, 7, 14 және 28 күндік жаңа қаржы құралдарының сауда-саттығы ашылады, репо операциясының заты ретінде "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ (Астана) XS0220743776 (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санаты, BRKZe3; $100,0 млн; 03.06.05 – 03.06.20; жарты жылдық купон жылдық 6,50 %; 30/360) халықаралық облигациялары қолданылады. Репо операцияларына тиісінше R_BRKZe3_001, R_BRKZe3_002, R_BRKZe3_007, R_BRKZe3_014 и R_BRKZe3_028 кодтары берілді.