ҚҰБ ҚҚК "Еуразиялық банк" АҚ (Қазақстан) акцияларын орналастыру нәтижелері туралы есебін бекітті

04.09.12 16:20
/KASE, 04.09.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) ресми тізімінде тұрған "Еуразиялық банк" АҚ (Алматы, бұдан әрі - банк), биржаға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитетінің (ҚҰБ ҚҚК) 2012 жылдың 24 тамызындағы мәлімдемесінің көшірмесін ұсынды. Аталмыш құжатқа сәйкес: - ҚҰБ ҚҚК банктің акцияларын орналастыру нәтижелері туралы есебін бекітті; - шығарылым 33 000 000 жай акцияға және 3 000 000 артықшылықты акцияға бөлінген; - банктің акцияларының шығарылымы Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне А3155 нөмірімен енгізілді; - 2012 жылдың 18 маусымындағы жағдай бойынша банктің 16 788 867 жай және 3 000 000 артықшылықты акциясы орналастырылмаған, оның жарғылық капиталы 30 110 207 088,60 теңге мөлшерінде қалыптасты.