Fitch "ҚазТрансГаз" АҚ және "Интергаз Орталық Азия" АҚ (Қазақстан) рейтингілік бағалауларын растады

04.09.12 14:40
/Fitch Ratings, Лондон-Мәскеу, 03.09.12, Fitch Ratings ағылшын тілінен аударма, KASE тақырыпшасы/ – Fitch Ratings ҚазқТрансГаздың, Қазақстан (бұдан әрі - "ҚТГ") рейтингілерін растады: шетел валютасындағы және ұлттық валютадағы ұзақмерзімді эмитент дефолтының рейтингілері ("ЭДР") "BB+" деңгейінде және қысқамерзімді ЭДР "В". Ұзақмерзімді ЭДР бойынша болжам - "Тұрақты". Сонымен қатар, агенттік "Интергаз Орталық Азия АҚ ("ИОА") шетел валютасындағы және ұлттық валютадағы ұзақмерзімді ЭДР "BB+" деңгейінде растады, артықшылықты қамсыздандырылмаған рейтингі "ВВ+" және қысқамерзімді ЭДР "В". Ұзақмерзімді ЭДР бойынша болжам - "Тұрақты". Сондай-ақ, Fitch Нидерландыда арнайы заңды тұлға ретінде тіркелген Intergas Finance B.V шығарған облигациялардың артықшылықты қамсыздандырылмаған рейтингін кері қайтарып алды. Ол 2011 ж. 6,875 % мөлшерлемесімен 250 млн долл сомасында облигацияларды өтеп, 2011 ж. 11 қарашасында ИОА-ға мөлшрлемесі 6,375 % 600 млн долл. сомасына өтеу мерзімі 2017 ж. дейінгі облигациялар бойынша эмитент қызметтерін тапсырды. Осы баспасөз-хабарламасының орыс тіліндегі толық нұсқасымен KASE веб- сайтында http://www.kase.kz/news/show/1173663 мекен-жайы бойынша танысуға болады.