KASE таңертеңгілік сессиясы: USDKZT_TOM = 149,57 (0), EURKZT_TOD – ұсыныс 188,50
03.09.12 11:27
/KASE, 03.09.12/ – Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+1
теңгемен (USDKZT_TOM) АҚШ доллары, есептесуі T+0 теңгемен
(EURKZT_TOD) және есептесуі Т+1 АҚШ долларымен (EURUSD_TOМ) еуро
бойынша таңертеңгілік сессиясы аяқталды. АҚШ-та 03 қыркүйек мереке күні
(Еңбек күні) болуына байланысты бүгін Биржада есептесуі Т+0 теңгемен
(USDKZT_TOD) АҚШ доллары және есептесуі Т+0 АҚШ долларымен
(EURUSD_TOD) еуро бойынша сауда-саттықтар өткізілмейді. 2012 жылдың
03 қыркүйегінде USDKZT_TOM және EURUSD_TOM үшін осы сессия негізгі
болып табылады.
Есептесуі T+1 теңгемен орташа сараланған АҚШ долларының бағамы
бір долларға 149,57 (0) теңгені, ал сауда-саттық көлемі – 31 600 мың. USD
(-77 400 мың. USD) құрады.
Есептесуі T+0 теңгемен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия
жабылу сәтінде ұсыныс бір еуроға 188,50 теңгені құрады, сұраныс болған
жоқ.
Есептесуі T+1 АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ.
Сессия жабылу сәтіне баға белгілеулер тіркелген жоқ.