KASE күндізгі сессиясы: USDKZT_TOD – 149,48/149,50, USDKZT_0_001 = +0,02, EURKZT_TOD – ұсыныс 188,30, RUBKZT_TOD = 4,6607
29.08.12 15:52
/KASE, 29.08.12/ – Қазақстан қор биржасында (KASE):
- есептесуі Т+0 теңгемен АҚШ доллары бойынша (USDKZT_TOD),
- есептесуі Т+0 теңгемен еуро бойынша (EURKZT_TOD),
- есептесуі Т+0 АҚШ долларымен еуро бойынша (EURUSD_TOD),
- есептесуі T+0 теңгемен Ресей рублі бойынша (RUBKZT_TOD),
- валюталық своп операциялары бойынша (USDKZT_0_001,
USDKZT_0_002, EURKZT_0_001, EURKZT_0_002) күндізгі сауда-саттық
сессиясы аяқталды.
USDKZT_TOD, EURKZT_TOD және EURUSD_TOD үшін бұл сессия қосымша
сессия болып табылады. 03 қыркүйек АҚШ-та мереке күні (Еңбек күні)
болуына байланысты, бүгін Биржада USDKZT_0_002 валюталық своп
операциялары өткізілген жоқ. АҚШ долларының спот-нарығына KASE
валюталық нарығының 21 мүшесі, своп-нарыққа – 11 қатысты.
АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле бір АҚШ долларына
149,48 теңгені құраған бағамы бойынша жасалды, сауда-саттық көлемі
54 950 мың. АҚШ долларын құрады. Сессия жабылу сәтіне ең үздік баға
белгілеулері – бір АҚШ долларына 148,48/149,50 теңгені құрады.
Еуро спот-нарығында:
- есептесуі Т+0 теңгемен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сауда-
саттық сессия жабылу сәтіне ұсыныс бір еуроға 188,30 теңгені құрады,
сұраныс болған жоқ;
- есептесуі Т+0 АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған
жоқ, сауда-саттық сессия жабылу сәтіне KASE сауда-саттық жүйесінде
баға белгілеулер тіркелген жоқ.
Есептесуі T+0 теңгемен Ресей рублінің орташа сараланған бағамы бір
рубльге 4,6607 теңгені, сауда-саттық көлемі 68 300 мың. рубльді құрады.
Валюталық своп операциялары нарығында:
- USDKZT_0_001 бойынша орташа сараланған бағам +0,02 теңгені
құрады, сауда-саттық көлемі 206 000 мың. USD;
- EURKZT_0_001 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылу
сәтінде KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;
- EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылу
сәтіне KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ.