"Еуразиялық банк" АҚ (Қазақстан) оған Asian Banking & Finance нұсқасы бойынша "2012 жылдағы Қазақстанның үздік бөлшек банкі" атағы берілгені туралы хабарлады

28.08.12 14:44
/KASE, 28.08.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) ресми тізімінде тұрған "Еуразиялық банк" АҚ (Алматы), Биржаға 2012 жылдың 28 тамызындағы баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: цитата басы 2012 жылғы 23 тамызда Орталық Азиядағы жетекші қаржы басылымдарының бірі Asian Banking & Finance 150 ірі қаржы институттары арасында жүргізілген зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып Еуразиялық банкке "2012 жылғы Қазақстандағы Үздік Бөлшек банк" (Domestic Retail Bank of the Year – Kazakhstan) атағын берді. Еуразиялық банктің Қазақстанның бөлшек өнімдер нарығында өзін жаңа байсалды ойыншы ретінде небәрі екі жыл бұрын ғана мәлімдегеніне қарамастан, "Үздік бөлшек банк" атағы өнімдердің жоғары сапасы мен жалпы бөлшек жобалардың жетістігін растайды. Банктің осы бағыттағы қарқынды дамуы 2011 жылдың басында француздық Societe Generale ПростоКредит бизнесін сатып алудың арқасында мүмкін болды. Қазіргі күні бір-екі ай ішінде берілетін Банктің бөлшек кредиттерінің саны сатып алудың алдындағы Банктің бүкіл тарихындағы бөлшек кредиттердің жалпы санынан асады! Бірнеше жылдардан бері Asian Banking & Finance қаржы журналы бөлшек сектордағы банктік және қаржы ұйымдардың үздіктерін таңдап келеді. Басылым сарапшыларының пікірінше, Еуразиялық банк – бөлшек бизнестің керемет көрсеткіштері мен дамуының жоғары өрлеу қарқынын көрсетіп, серпінді түрде өркендеп келе жатқан қазақстанның банктік институты. Бағалаудың негізіне рейтингке қатысушылардың базалық қаржы индикаторлары ғана емес, сонымен қатар Asian Banking & Finance тұрғысынан Банктің жалпы стратегиясы, бөлшек қызмет көрсету саласындағы инновациялар мен олардың тиімділігі, бөлшек өнімдердің қазіргі талаптардағы серпінділігі секілді факторлар да алынды. цитата соңы Осы баспасөз-хабарламасының толық нұсқасымен KASE веб-сайтында келесі мекен-жайлар бойынша танысуға болады: - http://www.kase.kz/files/emitters/EUBN/eubn_reliz_280812_k.pdf – қазақ тілінде; - http://www.kase.kz/files/emitters/EUBN/eubn_reliz_280812.pdf – орыс тілінде.