"Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ өзінің жеке тұлға-акционерлеріне арналған банктің акцияларына иелік етуге қатысты жалпы мәселелер бойынша өткен семинар туралы хабарлады

28.08.12 11:38
/KASE, 28.08.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ (Алматы), Биржаға баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: цитата басы Халық банкі "Қазақстан Халық Банкі" АҚ акцияларына иелік етудің жалпы мәселелері бойынша жеке тұлға-акционерлерге арнап семинар өткізді. Семинар жұмысына Директорлар кеңесінің төрағасы Александр Павлов, Басқарма төрағасының орынбасары Дәурен Қарабаев, корпоративтік хатшы Самат Сарбасов, миноритарлық акционерлер мен Халық банкінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты. Семинар Халық банкінің миноритарлық акционерлеріне қаржы нарығының жұмыс негіздері, бағалы қағаздардың айналымға түсу тәртібі және Банктің акционерлермен ықпалдастығы жайлы таныстыру, сондай-ақ олардың сұрақтарына жауап беру үшін ұйымдастырылды. Семинар жұмысы барысында бағалы қағаздар нарығының жұмысын ұйымдастыру, қаржылық құралдардың түрлері, бағалы қағаздарды сату/сатып алу рәсімінің қыр-сырлары мен басқа да көптеген мәселелер талқыланды. - Біз бүтін өткізетін семинар қаржы нарығының жұмысын жақсы түсіну, бағалы қағаздардың ерекшеліктерін және терминологияны ұғыну, сондай-ақ дауыс беру және шешім қабылдау рәсімі кезінде инвесторлардың қандай құқықтары мен міндеттері бар екенін білуге мүмкіндік береді, - деді өз сөзінде Халық банкінің Директорлар кеңесінің төрағасы Александр Павлов. Семинарға қатысқан Халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ өкілдері сондай-ақ келешек "Халықтық IPO" іс-шарасын ұйымдастыру және оның шеңберінде инвесторлар үшін ашылатын мүмкіндіктер туралы айтып берді. Семинар соңында оған қатысушылар алынған ақпараттың маңызы мен өзектілігін атап көрсете отырып, Халық банкінің өз акционерлерімен арадағы осындай жұмыс практикасын одан әрі жалғастыруына қызығушылық білдірді. Баспасөз қызметі "Қазақстан Халық банкі" АҚ тел. +7 727 2 590 816, www.halykbank.kz цитата соңы