/KASE, 27.08.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "ОРДА Кредит" несиелік серіктестігі ЖШС
(Шымкент), өзінің KZ2P0Y05C900 (KZ2P00000193; KASE ресми тізімі,
"Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының екінші
санатшасы, ORDKb2; 1 000 теңге, 1,5 млрд теңге; 26.01.08 – 26.01.13,
тоқсандық купон жылдық 12,00 %; 30/360) облигациялары шығарылым
аңдатпасына енгізген өзгертулер мен толықтырулар көшірмесін және
бұрын берілгеннің орнына, 2012 жылдың 23 тамызындағы бағалы қағаздар
шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік көшірмесін биржаға
ұсынды.
Аталмыш құжаттарға сәйкес:
- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын бақылау және қадағалау Комитеті (ҚҰБ ҚҚК) аталған
облигациялар шырғарылым аңдатпасына өзгертулерді және
толықтыруларды тіркеді;
- айтылмыш куәлік аталған облигациялардың айналыста болу мерзімінің
өзгеруіне байланысты ауыстырылды;
- аталған облигациялардың айналыста болу мерзімі бес жылдан
10 жылға дейін өзгертілді;
- аталған облигациялар шығарылымының ұлттық сәйкестендіру нөмірі
KZ2P0Y05C900 нөмірінен KZ2P0Y10C900 деп өзгертілді;
- аталған облигациялар шығарылымы Эмиссиялық бағалы қағаздардың
мемлекеттік тіліміне С90 нөмірімен енгізілді.
Аталмыш облигациялар шығарылымы аңдатпасына енгізілген
өзгертулерлер мен толықтырулар KASE веб-сайтында
http://www.kase.kz/files/emitters/ORDK/ordkf9b2_izm_230812_.pdf мекен-жайы
бойынша жарияланған.