/KASE, 27.08.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасы шешімімен
2012 жылдың 27 тамызынан бастап KASE қайталама нарық секторында
"Қазақстанның Даму Банкі" АҚ (Астана) сукук "аль-Мурабаха"
MYBVI1202859 (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық
бағалы қағаздар" санаты, BRKZs1; 240,0 млн малайзиялық ринггит;
03.08.12 – 03.08.17, табыстылығы жылдық 5,50 %, actual/365) исламдық
облигациялары бойынша сауда-саттық ашылды:
KASE сауда-саттық жүйесінде аталмыш облигациялардың баға белгілеуі
теңгемен "таза емес" бағамен жасалады.
Аталмыш облигациялар бойынша биржада маркет-мейкер міндеттерін
"Қазақстан Халық Банкі еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы)
атқарады, міндетті баға белгілеудің минималды көлемі - әрбір шығарылым
бойынша 2 000 айлық есептік көрсеткіш.
Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар
борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша 2012 жылдың 17 тамызынан
бастап енгізілген.
Аталмыш облигациялар бойынша нақтырақ ақпарат KASE веб-сайтында
http://www.kase.kz/kz/emitters/show/brkz мекен-жайы бойынша жарияланған.